+1 дауыс
846 көрілді
Байлар не үшін сараң болады ? олар үнемі АҚША ЖОҚ - АҚША ЖОҚ деп жылап жүреді, бірақ ең қымбат кафелерде, демалыс орындарында жүреді, бала-шағалары ең қымбат қиім киіп, айфон ұстап жүреді. АҚША ЖОҚ болса олар қалай жетісіп жүр,таң қаламын.

3 жауап

+1 дауыс
Адам қолда бар ақшасына қанағат етпесе ғана байиды. Байлар аузын қу шөппен сүртеді дегеннен гөрі, үнемі ақша жоқ дейтін адамдар байып кететін болар. Ал ақша жұмсауларына келсек... өзінен аяған сараң тіпті де жаман ғой)
0 дауыс
Жыламаган балаға емшек қайда дегендей, құдай да жылғанға беретін боп тұр ғой !!!
Кешіріңіз, бірақ сізбен келіспеймін. Егер адам еңбектенсе бәрі де болады. Кең болсаң, кем болмайсың.Барды қанағат тұтып, жоққа зарықпау керек.Мені ақыл айтып отыр деп ойламаңыз, жай ғана пікіріммен бөліскем келген.
0 дауыс
Ертеде бір ақылды адамнан :

-Неге кедейлердің бәрі мейірімді, жақсы, ал байлар қатыгез, сараң болып келеді?-деп сұрапты.Сонда ол терезеге қарауын өтініп:

-Не көріп тұрсың?-дейді.

-Ойнап жүрген балаларды, өтіп бара жатқан адамдарды,т.б.

-Ал енді айнаға қара да айтшы нені көріп тұрсың?

-Әрине өзімді

-Міне көрдің бе!?Терезе де, айна да әйнектен жасалған. Сол әйнеккке  күміс қосылғанда өзіңнен басқа ешкімді де көрмейсің.
...