0 дауыс
5.6k көрілді
Адам терісінің (беті, ерні, қолы, аяғының терісі) тез құрғап кетуін қалай алдын алса болады? Тек күніге крем жағудан басқа амалы керек. Қолжетімді оңай болса.

3 жауап

+1 дауыс
Жылдың қай мезгілінде болсын бет терісі ерекше күтімді қажет етеді. Арнайы косметика өнімдерімен қатар үй жағдайындағы күтімнің де бет терісіне өзіндік пайдасы бар. Табиғи өнімдерден әртүрлі маскалар қолдану бет терісін тазалауға, нәрлендіруге және ылғалдандыруға көмектеседі.

Бет терісі түріне қарай құрғақ, майлы,
біріктірілген (комбинированный) және қалыпты болуы мүмкін. Оны анықтау үшін бетті тазартқыш құралдардың көмегімен тазалап, 3 сағаттан кейін қағаз майлықтың бірін мағдайға, тағы бірін бетке 15 секунд қойып тексеріп көруге болады. Майлықтарды салыстыру барысында екі майлықта да май дағы байқалса, терінің түрі қалыпты саналады. Майлықтың кез келгенінде май дақтары әзер байқалса, онда тері құрғақ болғаны. Немесе екі майлыққа да көп мөлшерде сіңген болса, ол майлы тері болып табылады. Егер қағаз майлықтың біріндегі май дағы екіншісінен көбірек болса, тері түрі біріктірілген болып табылады. Ендеше бетке косметика өнімдерін немесе маскаларды терінің ерекшелігіне сәйкес қолдану қажеттігі айтпаса да түсінікті.

Бет терісі күтіміне алмадан жасалған
маскалардың пайдасы мол.

Алмадан жасалған дәруменді маска.

Үккіштен өткізіліп ұсақталған алманы бетке жағып, 20
минут ұстау қажет. Сосын салқын сумен жуып тастайсыз. Егер теріңіз құрғақ болса, алдын-ала крем жаққан жөн.
Тазартқыш маска.
Алманы үккіштен өткізіп, оған
жұмыртқаның сарысын қосу керек. Масканы 20 минут бетте ұстап, сосын жылы сумен жуасыз.
Нәрлендіретін маска.
Алма мен сәбізді үккіштен өткізесіз.
Бетке жағып, 20 минуттан соң салқын сумен жуу қажет.
Жұмсартатын маска.
Алманың жартысын, асқабақтың
аздаған бөлігін ұсатып, оған 1 ас қасық бал, 1 ас қасық сүт пен аздаған лимон шырынын араластырып, дайын болған масканы 20 минут бетте ұстау қажет. Сосын жылы сумен шаю қажет.
Сергіткіш маска.
Алманы үккіштен өткізіп, ыстық сүтке
араластырыып, 30 минут бетін жауып қоясыз. Дайын болған соң бетке жағып, 30 минуттан кейін жылы сумен жуасыз.
Барлық теріге арналған алма шырынынан жасалған маска.

Алманы шырынсыққышпен немесе жіңішке үккіштен өткізіп, шырынын мақтаға немесе дәкеге сіңіріп, уақыт бетке қою керек. 20 минуттан соң салқын сумен жуу қажет.

Қысқа арналған маска.

Сұлы ұнына үгілген алманың шырыны мен аздаған сүт қосып
араластырасыз. Дайын болған қоспаны бетке жағып, 30 минуттен сон жылы сумен тазартасыз.
Жазға арналған маска.
Үккіштен өткізілген алмаға 2 шай
қасық бал қосып, араластырасыз. Дайын болған масканы 20 минут бетте ұстап, жылы сумен жуып тастау қажет.

Егер сіздің теріңіз майлы болса төмендегі
маскаларды қолдануға болады.

Алма мен жұмыртқа маскасы.
1 алманы үккіштен
өткізіп, оған жұмыртқаның ағуызын қосып араластырып бетке қолданасыз. 15 минуттан соң жуып тастайсыз.
Егер тері қалыпты болса, бет күтіміне мына маскаларды қолдану пайдалы:
Ал құрғақ теріге арналған маскалар мыналар:

Жұмыртқа маскасы.
2 шай қасық жеміс шырыны (алма,
лимон, грейпфрут), шикі жұмыртқаның сарысының жартысы, 2 шай қасық майлылығы 9% ірімшік, 1 шай қасық өсімдік майын мұқият араластыру керек. Дайын болған қоспаны 20 минут бетте ұстап, сосын жуып, крем жаққан дұрыс.
Бананнан жасалған маска.
Бананның ¼ бөлігіне 1/2 қасық
нәрлендіргіш крем, әрқайсысынан 3 тамшы лимон мен зәйтүн майын қосып араластырып, бетке жағасыз. 15 минуттан кейін жуу қажет. Қыс айларында бұл масканы қолданса, теріге пайдасы көп. Бананның жұмсағы теріні ылғалдандырады, ал құрамындағы бай А дәрумені құрғақ, тітіркенген тері үшін пайдалы.
Сонымен қатар бет терісі күтіміне лимоннан жасалған маскалар да пайдалы. Лимон В1, В2, D дәрумендеріне және аскорбин қышқылына бай. С дәрумені зат алмасуда маңызды рөл атқарып, барлық ағза жасушаларын қоректендіреді. Сондай-ақ лимон адам ағзасындағы көптеген ауруларға ем.
Құрғақ бет терісіне арналған лимоннан жасалған маска.
1 ас
қасық қаймаққа әрқайсысынан 1 шай қасық бал, лимон шырыны және кастор майын қосып араластырып, қоспаны бетке таңертең жуынардан 5-7 минут бұрын жағу қажет, сонымен бірге тазартылған бетке кешке де қолдануға болады.

Маскаларды қолдану нәтижесінде бет терісі үлбіреп,
нәрленеді, егер маскаларды жақсы  өз орнымен пайдаланып жүрсе  беттің  терісі нәзіктене түседі!  Бұл маскалардың жасалу жолдарын
http://
www.muslimwomen.com.kz/kk/content/  осы жерден алдым! алайда, айран мен қатық  жақсы көмектеседі, егер  сіздің бетіңіз құрғақ болса!
+1 дауыс
Мүмкін,әдеттегіден көбірек,салқын сумен жуынған терінің құрғауынан сақтайтын болар
+1 дауыс
денедегі су мен тұз балансын ретттеу керек. минералды тұздар жетіспесе денедегі сулар азайып кетеді, көбейсе артық су балансы болады.