+2 дауыс
1.6k көрілді
Ақылды жігітке ақымақ қыз ұнайды деп жатады.Бұл қаншалықты рас?Өзінен көрмегенді қызынан көргісі келеді ме,әлде мен дұрыс емес айтып тұрмын ба?Ақылды дегенге көше кезіп,қыдырып кетпейтін сабағын 4-5ке оқитын дегенді айтқым келеді.Ал ақымақ қыз ретінде бір сөзбен айтқанда "шошақай",айналасын күлкіге айналдырып жүретін.Сонымен сіздер не ойлайсыздар менің жоғарыдағы сұрағым жайлы?

5 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап

Маған теңізге қараған терезе сияқты адамдар ұнайды.

 Өз бейнемді ғана көре алатын айнаның не қажеті бар? 

Жалықтырып жібереді. 

(Антуан де Сент-Экзюпери)

"Ұлы Гэтсби" кітабында айтады ғой: "Қазіргі уақытта әйел адамды сүйкімді әрі аздап ақымақтау болу бақытты етеді" деп... Мүмкін сол дұрыс та шығар... Сіздің ақылды мен ақымаққа берген сипаттамаңызбен мүлдем келіспеймін. Бірақ көптеген адамдар өзіне таңсық әлемді, өзінен басқа адамды білгісі, танығысы келетін шығар, ол жағынан сізбен пікірлеспін... Қарап отырсаңыз, бір-біріне ұқсау-түсінуге, ұқсамау-сүюге бастама болатын сияқты... Ұзын сөздің қысқасы: шын махаббат сүйгенін ақылды немесе ақымақ деп ажыратпайды)) 

Жауабыңыз маған ұнап тұр)
Ұнағанына қуаншытымын))
+2 дауыс
Мен ойымды айтып тастайын. Ақылды жігіттерге мынадай қыздар ұнайды. Мысалы: қатты ақымақ емес, ұялшақ ұнайды, бірақ ынжық емес, көрікті, шашы ұзын, тұштақай емес, жігітке күліп қарайтын қыздар ұнайды. Неге дейсіздер ғой. Себебі маған сондай қыздар ұнайды...
+1 дауыс
Жоқ, ондай қыз керек емес маған.
+1 дауыс
Шынымен ақылды еркек, тек қана ақылды, IQ - деңгейі жоғыры қызға үйленеді. Ал өзің ақылды санай отырып, ақмақ қызға үйленген адам, нағыз надан және ақмақ. Ақмақ әйел өмірдің соры, басына пәле. Ғалымдар ақылдын гендерін іздестіріп аңықтаған, олар X - хромосомасымен келесі ұрпаққа беріледі. Ал, ер бала тууы үшін әкеден - Y хромосомасы, ал анадан X - хромосамасы келеді (әйелдерде соңғы хромосамалардың жұбы, екеуі де X хромосамаларындан құралған). Соңдықтан, ер балалардың ақылды болуы үшін анасының ақылды болуы шарт. Бұл жерде, мен ақылды, интеллект ұғымында, яғни өлшенетін IQ - деңгейінде тұжырымдап отырмын.

Жігіттер тек қана ақылды қыздарға үйленейік, сонда жалпы қазақ ұлтының IQ жоғарлайды. Мысалы, Сингапур елінде жоғары білімі жоқ қызға үйленгендер мемелекет қазынасына айыппұл төлейді екен, бізде солай қылсақ па?

Ақмақ қыздарға үйленбеу керек, кәрі қыз болып, өз несептерін жалғастырмасын. Ұлттық ген қорымызға зияндары тимесін.
...