0 дауыс
13.8k көрілді
Алақаныңыз  дегенім. Сол қолыңыздың алақаны. Әжем сол қолы қышыса , пенсия беріп қалатын шығар, пәленше қарызымды әкеліп береді ау бүгін, он қолы қышыса кіммен амандасады екенмін деп отыратын.  Әжем ойдан шығарып алған дейін десем, менде де солай болып тұрады.  (Степендия алып, немесе атам анам ақша беріп қалады күтпеген жерден)Сіздерде қалай,  сол алақаныңыз қышыса , ақша түсе ме  сізге де?

8 жауап

+2 дауыс
Мен де осы жайтқа таңғалып едім. Сол алақаным қышыса жалақым түсе қалады.. Бірақ екеуінде қандай байланыс бар екен, ә? Адамның ойында да тартылыс күші бар деуші еді. Ырымға бола кіріс кіреді деген сенім пайда болып, соған орай шынымен қаражат келе ме екен, кім білсін?!... Әйтеуір қазақ не айтса да қалт айтпаған екен ғой деп ойлайм осындайда....
–1 дауыс
Алақаным қышыса нервқа тиедi.
+1 дауыс
Бұл ырымға синонимдес табанның да қышуы бар емес пе?! Табаның қышыса жол жүресің деген сияқты. Бәрі сенімге байланысты шығар. Ләйім сол алақаныңыз қыши берсін...
+1 дауыс
Сол алақаны қышыса сүйіп,маңдайына тигізетін әдет біздің үйдің үлкендерінде де қалыптасқан.Жеке өзімде ондай жағдай болған жоқ,жұмысқа тұрғасын болмаса,әзірге алақан тыныш))
0 дауыс
Алақаным қышыса не болатынын білмеймін, сол құлағым қышыса біреулер құлаққа теуіп өтірік айтып кететінін байқап жүрмін
+1 дауыс
Сіз айтып отырған ырым қазақ халқында бұрыннан келе жатыр. Біздің үйімізде де сол алақанын қышыса, ақша аласың деп бір-бірімізді қуантып қоямыз. Жеке өзімде ондай жағдай әлі кездеспепті, бірақ әр рет сол алақаным қышыған сайын қалтама басып тұратыным жасырын емес.
0 дауыс
Құдай өзі бұйыртып бермесе ақша сол алақанның қышуына қарап тұр дейсізбе
0 дауыс
ММенң мамамнын сол қол қышыса және менін сол қолым қышыса ақша ұстаймыз
...