0 дауыс
13.1k көрілді
Мысалы, Мұхтар Шаханов ағамыздың "жігерлендіру" атты өлеңі сияқты:

Жігерлендіру.

Сен жыладың жігітім
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың...
Бір қатты соққы алдым деп
Бақытсыз болып қалдым деп.
Жә-жә жарар,
Өткен күн оралар ма,
Қарау керек бауырым саған алға
Басыңдағы бөрік пе, орамал ма?!
Көтер қане басыңды!
Күніңді босқа өткізіп пе едің
Тағдырың неге сыр айтты саған.
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық деп кім айтты саған.
Кім айтты саған
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп
Ақ көйлек кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп.
Кім айтты саған?!
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп
Биікті ардақтайды
Асылды қорлатпайды деп?!
Жабығып бекер алаңдадың-ау
Ойыңды шығар өріске.
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
Жетудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді,
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес ендеше...

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бәрі жақсы болады сенесіңбе?
Бақыттың құшағына енесіңде!
Әлі талай самғайсың, ұмтыласың...
Қуаныштың жүрерсің кемесінде!

Бәрі жақсы болады бір күндері
Орнығады жүректің дүрсілдері
Менің бұлтым таралып күн шығады
Басылады көңілдің күрсінгені

Бәрі жақсы болады осыны біл,
Бақыт деген қайғының басымы бұл
Қайғырсаң да бір күні қуанасың
Сый ететін өмірдің тосыны бұл,

Жақсылықтан әрқашан қанаттанда,
Қайғырмағын көзіңнен қан аққанда,
Әлі де бәрі жақсы болып кетер
Сенемін мен әрқашан Жаратқанға!

Сынып кетіп жүрмегін ауырларға,
Қайыспа желдей соққан дауылдарға,
Өмір деген өрт болса, сен өзен бол,
Өртеніп кетіп жүрме жалындарға,

Ешқашан жақсылықтан айрылмағын,
Жұбатам деп бақыттың жайдым бағын,
Соңғы демің қалғанша күресе біл!
Бәрі жақсы болады қайғырмағын!
авторы кім екен?
соны таба алмай отырм)
+1 дауыс
Я хочу, я могу, я сделаю

Я этого хочу значит это будет (Генри Форд)
+1 дауыс
Біздің елдің жігіттері - жігіттердің төресі!!!
...