0 дауыс
2.1k көрілді

Төмендегі екі өлеңнің мағынасы қарама-қарсы ма? Әлде бірін-бірі толықтырып тұр ма? Сіздің ойыңыз қайсысына жақынырақ? 

Асығу керек,
Асығу керек,
Асығу керек,асығу!
Алдыңда - биік асуың.
Асығу керек,жылдамдығындай сәуленің,
Артыңа тастап найзағайлардың жасынын!

Асығу керек,
Тындыру керек барлығын.
Ешкімнің күтпей жарлығын!
Апармай кешке, асығу керек, асығу
Түстегі ісіңнің қалдығын!

...Қайран күндерім,
Асықпай қамсыз өткердім.
Ақымақтығымды,
Апыр-ау немен шектермін!
Қолымнан келсе,
Қыста егін салуға әзірмін,
Келуін күтпей көктемнің.
Қолымнан келсе,
Уақыт деген өлшемді,
Жоқ қылып мүлде көрсем бір.
Қолымнан келсе,
Ойымның жылдамдығындай,
Жарықтың-дағы тездігін тежеп,
Жеңсем бір.

Асығу керек,
Асығу керек, қалайда!
Уақыт саған қарай ма!
Асығу керек.
Асығып жеткен арманның
Аппақ сәулесі,
Түссін де тұрсын самайға.

(Мұқағали Мақатаев)

Асықпайтын уақытта асығамыз,
Ақиқатты несіне жасырамыз.
Жолға шықсақ жетуге асығамыз,
Жете салып кетуге асығамыз.
Таңда балабақшаға асығамыз,
Түсте алар ақшаға асығамыз.
Мүлт кеткенде тергеуге асығамыз,
Біреу өлсе жерлеуге асығамыз.
Таныса сап дайынбыз достасуға,
Амандассақ даярмыз қоштасуға.
Үйлене сап жатамыз ажырасып,
Асығамыз болуға тағы ғашық.
Жағаласып сандалып, сабылысып,
Жүгіреміз қашанда асығысып.
Төзім құрып қалған ба, тағат тозып,
Әлде жүрегіміз кеткен бе сағатша озып.
Уақыт жоқ, уақыт жоқ деп,
Уақытқа бақырамыз, 
Осы біздер қай жаққа асығамыз???

(Ұлықбек Есдәулет)

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бiр бірін толықтырады екеуіде ақыл насихаттау,
1 өлеңдi уакытынды қадірле деген мағынада.
2 өлеңдi өмірге не үшін келгенiндi ойлан деген мағынада мен өзім түсіндім !!!!
Басында сізбен неге сонша салғыластым екен?!! Жауаптарыңыздың бәрі менің айтқым келгенмен бірдей)) Өкініп отырм((
Өкінбенiз ол кезде окушы едіңіз, бірақ оны мен сізден бұрын сезіп қойған едім !!!
0 дауыс
Жоқ ондай емес.

Бірінші әнде асыққан жоқ әлі асығамай жүр.

Екіншісінде адамдар асығады соның себебін сұрай алмай тұр.

Менің өзімнің жеке ойым)))
0 дауыс
Негізіне 1 өлеңде өмір де барлық жақсы нарсеге қол жеткізуге асығу керек деп тур ал 2 өлеңде Асығыстық шайтанның ісі дегендей бәрін сабыр мен төзіммен күтукерек дегендей қарама қарсы сәл сәл

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
9 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 5.05.2020 Мектеп сұрақ қойды
...