Астана өте асығыс салынған,жаңбыр қатты жауса көшелерін су басып кетеді,Санкт-Петербургтағыдай жер асты канализациялары жасалмаған,ұмыт қалған,су көшелерге жайылып кетеді.Сонысы дұрыс емес әрине. Бұл бірінші мәселе.
Екінші мәселе астананы салған кезде архитекторларды шетелден шақырды Европадан,Жапониядан ,көрдің ба біздің өз архитектурамызды өкімет көтермейді.Жоба жасап берсең ақшасын да төлемей қоя салады.Ал шетелдіктерге милиардттарын шашып жатыр.Мысалы маған Ташкенттің архитектурасы ұнайды ,өзім барып көргенмін бәрі өз орнында стилдерін жоғалтпаған,өздерінің архитекторлары жасап жатыр жобаларын.Алматы да жақсы еді соңғы кезде қалай болса солай биік үйлерге тығыздалып кетті,тіпті қаланың ауасы ауысып тұруды ойластырмапты.Өте биік үйлердің қажеті қанша бізге. Кейбір Шет елдердегідей жеріміз жетпей симай жатсақ мейлі екен. Шетелдерде жер жетпегендіктен солай биік үйлер салуға амалсыздан мәжбүр болып отыр ғой,олардың арманы пәс үйлер екен. 40-50- ші қабатта кім өмір сүргісі келеді?