0 дауыс
295 көрілді
Біз осы,айналамыздағы қаптаған ұялы телефондардың радияцияларынан зардап шегіп жүрген жоқпыз ба? Соңғы кезде адамнан ұялы телефон көп екен. 2 симкалы ғой бәрі.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, cоның ішінде адам организміне өте үлкен зардап тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің жаппай таралуы анықталып, қалаларда өзіне қол жұмсау фактілері көптеп тіркеле бастады. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникацияның дамуына байланысты, элекетромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есе өсе түскен, ірі қалаларда оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан.

Мысалы, электромагниттік өріс толқыны­ның үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағ­за­ның ор­та­лық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, кө­ру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар, жыныстық органдардың және эм­брионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құр­сағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана­ ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің элек­тромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге­ ұрын­дыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, іс­ті бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пай­даланған абзал.

Біріншіден, аталған қондырғыларды тұ­йық­тау жүйесіне міндетті түрде енгізу қа­жет. Екіншіден, компьютерлер мен ойын автоматтарының және тағы да бас­қа құралдардың орналастыру талабы мен пайдала­ну уақыты сақталынуы ти­іс. (Күндік тиісті уа­қыты – 5 сағат). Пайдалану барысында үлкендер әрбір са­ғат сайын, балалар әр 30 минут са­йын үзі­ліс жасауы, мұнымен қоса жұмыс орнын­дағы электро­магниттік өріс дең­гейінің көрсеткішін бақылау барысында зертханалық өлшеулер жүргізіп тұ­руы қажет. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың «өзінде» соткасыз» үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «сотка» дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды? Америкалық мамандар ашқан жаңалыққа бұл күнде ешкім таңғалмайтын болды. Осыдан екі жыл бұрын «екіқабат әйелдер мен жас балалардың ұялы телефонды пайдалануы олардың денсаулығына орасан зиянын тигізеді» деп иондық емес сәулелерден қорғану жөніндегі Ресей ұлттық комитеті де дабыл қаққан болатын. «Сотка» балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе ,жастар күндіз-түні «соткаға» жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен.

Дерек көзі: "Массагет" сайты
Керемет жауап, Мектептегі мұғалім апайларда 2-3 соткадан бар, олар азаннан кешке дейін,сотка арқылы болмайтын әңгіме айтып отырады да алады,онда олардың милары не болды екен. Зиян екенін айтсаң тыңдамайды да. Сотка деген пайдасыз өсек айтатын құралға айналыпты,анау бір апта тегін деген тарифтер пәле болды .
...