+1 дауыс
1.1k көрілді
Машинада бензин үнемдеу үшін жылдам жүрген дұрыс па,әлде жай жүрген дұрыс па?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жай жүрсең жай жанады,тез жүрсең тез жанады.Сонымен қоса тежегішті жиі басқан бензиннің артық шығындалуына әкеледі
+1 дауыс
бірқалыпты жылдамдықпен жүр. жүз бе жүзден асырма не кемітпе. менің әкем осы жүзбен жүріп 3 жылда 300000км жүрді. мотор май жемейді. машина әлі жарап тұр.
+1 дауыс
Әрине жай жүру керек
Өзің машина жүргізесің ба? неше жыл болды?
2010нан бері.Жүргізуші куәлігім жоқ тек ауыл арасы дегендей.Опел,лада секілді жеңіл көліктер болмаса жүк көлігін жүргізіп көрмедім.
Бір сағатта шамамен неше литр бензин жанады. Ал енді ойлан, сол 1 сағатта Шымкенттен Тараз қаласына жылдам жүріп жетсең бензин үнемделе ма,әлде жай асықпай 4 сағатта жетсең үнемделе ма?
Ол жақты мен білмейді екенмін
Жарайды онда Қызылордадан Арал қаласына 2 сағатта жылдам жүріп,жетсең бензин үнемделе ма? әлде 5-6 сағат асықпай жай жүрсең бензинің үнемделе ма?   Шамамен 2 сағатта неше литр бензин жанады мотордың ішінде!
Мен ол жақтарды білмейді екенмін.Арасы қанша шақырым өзіңіз айтып өтсеңіз,көлігіңіз қандай?
Қай жерден боласың,  Менің машинам газбен жүреді.
0 дауыс
E=(L/v)*(m*v^2)/2
F=m*a
E пропорция 1/v*v^2
E пропорция v
0 дауыс

Қазақстандағы бекеттердегі жанар-жағар май тапшылығы уақытында бензинді қалай үнемдеуге болатыны жайлы ойланып көрдіңіз бе? Кейде темір тұлпарымыз біз ескере бермейтін кей кедергілердің әсерінен көп мөлшерде бензин тұтынуы мүмкін. Егер төмендегі кеңестерді ескеріп, орындасаңыз 15-60% машина отынын аз жағуға болады.

Кеңес №1

Қызмет көрсету орталығына жиі барыңыз

Кейде көлігіңіздің көп мөлшерде бензин тұтынуының себебі, қарапайым жөндеуді қажет етуінде болуы мүмкін. Жиі қызмет көрсету орталығына барып, темір тұлпарыңызды тексерістен өткізіп тұрыңыз.

Кеңес №2

Аэродинамикалық кедергі келтіретін қосымшаларды алып тастау

Аксесуарлар ұзақ жолға шыққанда көмектессе, қалада бензин тұтынуын арттыруы мүмкін. Машина үстіндегі қосымша багажникті алып тастау – керемет идея. Төмендегі кесте арқылы қосымша аксесуарлар аэродинамикалық кедергі коэфицентін қанша пайызға арттыратынын көрсек болады.

Аксесуарлар

Қосымша багажник                                                                        +10%

Ашық терезе                                                                                  +5%

Ашық люк                                                                                      +3%

Антенна                                                                                         +2%

Шыбын қаққыш                                                                              +3%

Кеңес №3

Көлік массасын азайту

Бұл түсінікті деп ойлаймын. Аз масса – аз шығын.

Машинаңыздағы керексіз заттардан құтылыңыз. Мұндай заттарға балалар креслосы, қыстық шиналар, пайдасыз жүктерді жатқызуға болады.

Машинаңызға шуыл өткізбейтін (шумоизолация) материал орнатуды ойладыңыз ба? Ол көлігіңізге қосымша 50-100 килограмм салмақ қосады, сәйкесінше бензин шығыны 0,4-0,7 литрге көбейеді.

Кеңес №4

Жүргізу стиліңізді өзгертіңіз

Жүргізу мәнеріңізді бірқалыпты жүру мен тоқтауға келтірсеңіз бензинді 25%-ға дейін үнемдеуге болады. Сонымен қатар бағдаршам жұмысы мен көшедегі жағдайды да ескерген жөн. Бір сөзбен айтқанда тежегішті қаншалықты аз басасыз, соншалықты бензинді аз жағасыз.

Кеңес №5

Жолға шығатын уақытыңызды таңдай біліңіз

Ерте тұрған еркектің бір ісі артық. Ертерек жолға шығу сізге жанар-майды үнемдеуге  және жұмысыңызға ерте барып baribar.kz сайтынан қызықты жаңалықтарды оқуға көмектеседі.

Машиналар легінің аз жағына қарай жұмыстарыңызды жоспарлаңыз. Мысалы Алматы қаласында таңертең жоғарыға қарай автокөліктер легі көп болатын болса, ол уақытта ісіңіз шұғыл болмаса шықпағаныңыз абзал болады. Бұған түстен кейінгі көлік кептелісі аз болатын уақытты таңдаңыз. Немесе бірнеше істі біріктіріп сенбі және жексенбі күндері шықсаңыз болады.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

0 дауыс
Бензин үнемдегің келсе жаяу жүр ең дұрысы сол )
...