0 дауыс
2.3k көрілді
Сіздің өмірге көзқарасыңыз позитивті ме?Жақсы жауапты өзім белгілеймін.

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
*Ия! Мен ылғи да көңілді жүруге тырысамын, көңілге тиеді-ау, артынша ренішті жағдай болады-ау деген жерлерден аулақ жүремін және ондай әнгімелерге араласпауға тырысамын. Шу шығып бара жатса үндемей қоя саламын. Ал қалай көңілді жүремін?  Езуімді жимай күліп жүремін, тіпті күлгіңіз келмеген жағдайда да күлуге тырысу керек, қайырымды болу керек. Мен өзімнің әр ісімнен ләззат аламын, біреуге бір жақсылық жасасам соның өзі маған үлкен қуаныш сыйлайды. Өмір - ғажап! Егер сіз үшін олай емес болса, демек сіздің ойыңыз басқа жаққа бағытталған деген сөз, өмірге шынайы көзбен қарай білу керек. "Жүргенге жөргем ілігеді" деген бар ғой, мақсатыңызға жету үшін қимылдау керек. Жетістікке жету үшін өзгенің істеген қателігін түзулеңіз, "біреудің кемшілігін, қателігін тез көруге емес тез түзулеуге ұмтылыңыз" Позетивті болғыңыз келеді ме? Онда кішкене ғана талантыңыз болса оны іске жұмылдырыңыз, қай істе болмасын өзіңізді сынап көруден қашпаңыз. Бірнәрсені көздеп, ұмтылсаңыз сіз оған қол жеткізе аласыз тек өз-өзіңізге сенсеңіз болғаны. Осыған орай бір мысал келтіре кетейін:
Ертеректе бір патша болыпты. Атағы кеңге жайылған сол патша бір күні қол астындағы уәзірлерінің өмірге деген көзқарастарын сынап көрмек болып, бәрін жинапты. Патша:
-- Уәзірлерім, менің бір сарайымның кілті жоғалды кімде-кім соны аша алса ат басындай алтын беремін, аша алмаса басын аламын. Ашамын демей жатып көрулеріңе рұқсат, - деп жарлық етіп, бәрін сол сарай алдына жинап алыпты. Ешкім қимылдай қоймай, жақындауға да қорқып өзара күбірлесіп тұрған уәзірлерінің арасынан бір ғана жұпынылау келген уәзір суырылып шығып, құлыпты тартып-тартып қалады. Сөйтсе патша оны құлыптамай жәй ғана іліп қойған екен. Манағы уәзір, мүмкін ашық шығар деген сеніммен тайсалмай-ақ ойын жүзеге асырып жеңіске жетіпті, сөйтіп патша оны өзінің оң қолы етіп тағайындаса керек.
Міне, осы айтқандай өз мүмкіндігіңізді пайдалана біліңіз, өмір сізге қуаныш сыйлайды. Адамдарға ылғи да бақыт тілеңіз, себебі кімге не тілесеңіз алдыңызға сол келеді. Сол үшін жақыныңыз түгілі дұшпаныңызға да жамандық тілей көрмеңіз..... Сәттілік тілеймін!!! Айтпақшы, күліп жүріңіз)))))*
+2 дауыс
Әринееееееееееееееееееееее. Бір рет өмір сүреміз ғой, тіршіліктегі келеңсіз жағдайларға мойынсұнбай П О З И Т И В ті өмір сүру керек деп ойлаймын. Сонда сізде барі жақсы болады...
...