+4 дауыс
919 көрілді

Сіз өмірді қандай спорт түріне ұқсатасыз? Не себепті? 

Осынша көп жақсы жауап алам деп ойламаппын!! Рахмет жауаптарыңыз үшін!)

10 жауап

+2 дауыс
Күрес пен жүгіру.



Өмірмен, қиыншылықтармен күресесің, бірде жығыласың, бірде жығасың қиыншылықтарды, жүгіресің, жанталасасың.... сөйтіп өміріңнің өте шыққанын білмей қаласың.....
+3 дауыс
Кедергілермен жүгіруге.Өмірдегі секілді біреулер сүрінеді енді біреулері тура жолдан таймай мәреге жетіп жатады.
+5 дауыс
Ал мен шахматқа теңер ем, алдыңда мың сан жол тұр, соның ең дұрысын табу керек, әрбір қадамыңды есептеп, ойланып барып жүрмесеңіз болмайды ғой (қай жолды таңдайсыз, қандай жолмен жеңіске жетесіз ол да өз еркіңізде)

Менде шахмат деп жазбақшы едім)
Сен шахмат жақсы ойнайтыба едің. қозыға айтам
+3 дауыс
Менде шахматқа

теңер едім,  адамның бойында бүкіл шахматтагы фигуралар болу мүмкіндігі бар, сонымен бірге өмірді ұту да мүмкіндігі бар,өмірдегі сияқты барлық мүмкіндік бар тек ғана сен оны дұрыс баскара білсең болды сонда сен өмірді жеңесің !!!!!
+4 дауыс
Өмір деген "бокс", қарсыласымыз "тағдыр". Тағдырға амалсыз бағынып, күн сайын "нокаут" алып жүргенше, оған қарсы тұрып өз болашағымызды өзіміз жасауымыз керек. Бәріңіз өмір деген "бокста" Қазақстан боксшылары сияқты жеңістерге жете беріңіздер, бірақ бірінші "нокауттың" дәмін татыңыздар және сол "нокауттар" арқылы өзіңізді шыңдаңыз, есте сақтаңыз "жеңіліссіз жеңіс болмайды"..
+2 дауыс
Мен жоқарда айтылған пікірлерге дәл қосыламын. Және осы пікірлерге мына ақиқатты қосып қоюды жөн көрдім. Өмірді біз барлық спортқа теңесек те, барлығында өз шешімін табады. Мен өмірді таэквандо


спорт түріне теңер едім.  Менің айтпақ болған өмір бұл түрлі қапталдан берілетін соққылардан тұрады. Ол соққы досың  немесе ағайын-туғандарыңнан беріле қалса. Ондай жағдайда біз амалсыз қаламыз... Бірақ өзімізді жыйып алсақ, ондай сынақтардан да өте аламыз. Міне солай.
+2 дауыс
Мен де Шахматқа теңер едім. Өмір ақ жəне қара жолақтан тұрады дейміз. Қай жолақпен жүру керек екенін өзіміз шешеміз. Жеңіс те жеңіліс те өз білгірлігің мен ақылыңа байланысты. Сенің қуанышың, жеңісің бəрін бірдей қуанта бермейді. Өмір де тура солай
0 дауыс
Жүзу, Жүгіру,  Алпинизм,  Акробатика Гимнастика, Таэквандо, Айкидо!
–1 дауыс


Өмiр-шахмат сияқты. Шахматтағы əртүрлi фигуралар кароль, ферзь, ладья, слон, ат, пешка сияқты өмiрде де осы дəрежедегi адамдар өмiр сүруде.



Шахматты ақылға салып, ойланып, əрбiр жүрiciңе сақ болсаң жеңiске жетесiң. Өмiрде де, шахматтағы ақ жəне қара жолақтар бар. Екеуiнiң қайсысын таңдасаң да пенденiң өз еркi. Аллах-Тағала пендеге екi жолды таңдауға бердi. Бiрiншiсi: Сирәтал мустәқиим-тура жол. Жаратушы уəде еткен сыйға жететiн тура жол.
Екiншici: Шайтанның қисық  жолы. Бұл жолда iшiмдiк, бiр күндiк рахат т.б бар.
Шахматта да, ақылға салсаң жеңiске жететiнiң сияқты, өмiрде де солай. Аллахтың көрсеткен, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-ның сара жолымен жүрудi нəciп етсiн.
+1 дауыс
Каноэ-ға теңеймін
...