Сыну кезінде көрсетілетін алғашқы көмек. Дененің зақымдалған бөлігін (аяқ-қолы) толық тынышталдыру қажет және сынған жердегі сүйектің сынған бөліктерінің қимылдауын болдырмау қажет. Бұл үшін дененің зақымдалған бөлігін иммобилизациялау қажет, яғни, оны қимылсыз күйге келтіру қажет, мұны ұстап тұратын таңғыш таңу немесе, ең дұрысы, тасымалдау шендеуішін таңу арқылы жүзеге асыруға болады. Тасымалдау иммобилизациясы үшін дайын стандартты шендеуіштерді қолдану қажет, олар болмаған жағдайда, шендеуіштер қолда бар, оқиға орын алған жерден табылған заттардан жасалады – таяқ, тақта, ағаш бұтағы, картон, ағаш қабығы, сабан бумасы, күрек және т.с.с. Барлық шендеуіштер жеткілікті дәрежеде ұзын және мықты болуы қажет.Шендеуіштерді дененің жалаңаш бөлігіне таңған жөн, алайда, алғашқы жәрдем көрсеткен кезде, тасымалдау шендеуішін киімнің үстінен таңу қажет. Егер шендеуіш дененің жалаңаш бөлігіне таңылса, оны мақтамен, орамалмен орап қою қажет, әсіресе сүйек шығып тұратын жерін. Мақтамен оралған шендеуіш дененің зақымдалған бөлігіне толығымен жанасып онымен бір бүтіндей болып тұруы керек. Мұны дәке, орамал, сүлгі, жіп және т.с.с. қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Көптеген сыну жағдайларындағы иммобилизациялаудың негізгі ережесі: таңылған тасымалдау шендеуіші кем дегенде екі буынды ұстап тұруы қажет (сынған жердің үсті және асты жағынан).
Дерек көзі http://zozh.kz/kz/news/2739-travmatizm-u-uchashhihsja-i-ego-profilaktika.html