0 дауыс
370 көрілді
Мемлекеттен тұрғын алаңының қандай мөлшеріне үміткер болуға болады және тұрғын үй қандай болуы тиіс?

1 жауап

0 дауыс

Мемлекеттен тұрғын алаңының қандай мөлшеріне үміткер болуға болады және тұрғын үй қандай болуы тиіс?

«Тұрғын үй қатынастары туралы » Заңның 75-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттен тұрғын үй бір адамға пайдалы ауданның 15 шаршы метрден кем емес және 18 шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден артық емес мөлшерде ұсынылуы мүмкін.

Егер отбасында жоғарыда көрсетілген аурулардмен ауыратындар болса, онда оларға жеке бөлме ұсынылады. Сондай-ақ алынатын пәтердің ауданы егер отбасында жүктілігінің мерзімі 22 аптадан артық жүкті әйел болса үлкен болуы мүмкін.

«Тұрғын үй қатынастары туралы » Заңның 76-бабына сәйкес  ұсынылатын тұрғын үй тұрмысқа жайлы болуы, қала сызбасында және мүгедектерге арналған қажетті шарттарды ескерумен орналасуы тиіс.

Тұрғын үйге кезекке тұру үшін қайда бару керек және қандай құжаттар қажет?

Жүгінудің екі жолы бар. Дәстүрлі – онда жергілікті атқарушы органға, яғни әкімдікке жүгіну, яғни құжаттардың толық пакетін ұсыну қажет.

Қызметті алуда кезекке қою үшін құжаттарды беру кезінде уақытты үнемдеу үшін мемлекеттік қызметті онлайн алуға болады. Ол үшін қажетті құжаттарды тіркеп осы сілтеме бойынша өту және ЭЦҚ сұранысына қол қою қажет.

http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/buy_sell_rent/article/receive_housing&lang=kk

...