0 дауыс
301 көрілді
Мемлекеттен тұрғын үйді кім бөледі?

2 жауап

0 дауыс

Мемлекеттен тұрғын үйді кім бөледі?

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы органнан жалға алынған тұрғын үй тұрғын үй комиссиясының шешімі және тұрғын үйді жалға алудың жасалған шарты негізінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша әкімдіктің шешімі бойынша ұсынылады.

Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй тұрғын үйді ұсыну туралы мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй комиссиясының шешімі және жасалған тұрғын үйді жалға алу шарты негізінде ұсынылады.

Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй  тұрғын үйді ұсыну туралы мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының шешімі және жасалған тұрғын үйді жалға алу шарты негізінде ұсынылады.

Құжаттарды тапсыру кезінде тұрғын үй комиссиясы құрылады, оның шешімі бойынша бұрын тапсырылған құжаттар негізінде тұрғын үй ұсынылады. Тұрғын үй комиссиясы кезекке 30 күнтізбелік күн ішінде қою туралы шешім қабылдайды, одан кейін кезек нөмірі көрсетілген хабарлама береді.

Тұрғын үй комиссиясы – бұл тұрғын үй мәселелері бойынша шешімді шығаруға уәкілетті және әкімдіктерде, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелер жанынан құрылады. Тұрғын үй комиссиясы тұрақты негізде әрекет етеді.

Тұрғын үй комиссиясы кем дегенде бес адамнан тұрады (мүшелерінің саны тақ болуы міндетті ) және оның құрамына кәсіпорын басшысы ( орталық мемлекеттік органдарды  қоспағанда), жауапты хатшы, заң, қаржы, кадр қызметтерінің басшылары (бар болса) және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері кіреді.

Тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйге үміткерлердің өтініштерін қарастырады, ұсынылған құжаттардың толықтығын, нақтылығын тексереді, өтінішті қанағаттандыру немесе бас тарту туралы құжаттарды ұсынуды тексереді. Жалға алған жағдайда жалға алу шартын жасау мәселелері және тұрғын үй үшін төлем мөлшерін анықтайды, ал қызметтік немесе мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендірген жағдайда жекешелендіру шартын жасау туралы мәселелерді қарайды және төлемге шот ұсынады. Сондай-ақ тұрғын үй комиссиясы ақпаратты ұсыну бойынша мемлекеттік органдарға сұраныстарды орындайды, есептеулерді жүргізеді және материалдар мен мәліметтердің сақталуы және басқалары үшін жауап береді.

http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/buy_sell_rent/article/receive_housing&lang=kk

0 дауыс
Жергілікті әкім бөлетін болуы керек
...