ЖК қалай тіркеуге болады
Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою
Жеке кәсіпкерліктен еңбекақының ең аз мөлшерінің 12 еседен артық мөлшердегі жылдық жиынтық табыс алуға ниеттенген және/немесе тұрақты негізде жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдалануды (Жеке кәсіпкерлік туралы ҚРЗ 27 бабының 2 тармағы, Салық кодексінің 157 б.) жоспарлайтын тұлғалар (ЖК) міндетті түрде тіркелуі тиіс.
1. ЖК ретінде тіркелу
Жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелу үшін азаматтың тұрғылықты жері бойынша (тұрғылықты мекен..жайы немесе қызметін көбінесе жүзеге асыратын жері бойынша) орналасқан салық органына төменде аталған құжаттарды тапсыру керек:
• Жеке кәсіпкерді тіркеу есебіне алу туралы салық өтініші (ҚР ҚМ 30.12.2008 ж. № 634 Бұйрығына 19 Қосымша).Тіркеу мәліметтерін салыстыру үшін салық төлеушінің тіркеу есебіне алу туралы Салық өтініші (17 қосымша);
• ЖН мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым сомасының төленгендігін растайтын құжат;
• Азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және аталған құжаттың түпнұсқасы да қоса берілуі тиіс;
• 3,5х4,5 мөлшердегі бір фотосурет
• ЖК орналасқан жерін растайтын құжат.
ЖК орналасқан жерін растайтын құжат – азаматтарды тіркеу кітабы (e-gov нысанындағы мекен-жай анықтамасы) немесе жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығын растайтын құжат. Егер де өтініш берген тұлға кәмелет жасына толмаған болса (14тен 18 жасқа дейін) жоғарыда аталған құжаттарға қоса ата-аналарының, асырап алушылардың немесе баланы қамқоршысының немесе тәрбиешісінің келісімі, аталған келісім болмаған жағдайда – кәмелетке толмаған тұлғаны толық әрекетті етіп жариялау туралы сот шешімі (Жеке кәсіпкерлік туралы ҚРЗ 27 бабының 4 тармағы) қажет
ЖК мемлекеттік тіркеу үшін алым мөлшерлемесі 2 құрайды
ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан кезде дубликатты беру үшін алым мөлшерлемесі 0,25 АЕК құрайды (Салық кодексінің 456 бабының алым мөлшерлемелері кестесінің 2 т.).
Шаруа немесе фермер қожалықтары, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері, сондай..ақ, кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлғаны құрмай айналысатын оралмандар ҚР азаматтығын алғанға дейін алымды төлеуден босатылады (Салық кодексінің 457 бабы).
ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін үш күннен аспайтын мерзімде мерзімсіз мезгілге (Жеке кәсіпкерлік туралы ҚРЗ 27 бабының 3 және 4 тармақтары) беріледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін жеке кәсіпкер салық салудың төменде көрсетілген тәртіптемелер тізімінен біреуін таңдап алу керек:
1. Көпшілік мақұлдаған
2. Арнайы салық тәртіптемелері (АСТ):
2.1. Патент негізіндегі АСТ (арнайы салық тәртіптемесін қолдану туралы салық өтінімін (9 қосымша) тапсыру мерзімі – ЖК ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзімнің ішінде (Салық кодексінің 431 бабының 1 тармағы).
2.2. Оңайлатылған мағлұмдама негізіндегі АСТ – (оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнайы салық тәртіптемесін қолдану туралы салық өтінімін (11 қосымша) тапсыру мерзімі – ЖК ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзімнің ішінде (Салық кодексінің 435 бабының 1 тармағы).
2.3. Бір реттік талон негізіндегі АСТ – Тәртіптемені қолдану туралы салық өтінімі тапсырылмайды (10.12.2008 ж. «Салық кодексінің қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 100-ҢV Заңының 36 бабы). Аталмыш салық тәртіптемесі 2013 жылға дейін қолданыста болады.
2.4. Шаруа қожалықтарына немесе фермер қожалықтарына арналған АСТ бірыңғай жер салығы(шаруа және фермер қожалықтары үшін арнайы салық тәртіптемесін қолдану туралы салық өтінімін (13 қосымша) тапсыру мерзімі – 20 ақпаннан кешіктірмей, ал тіркеуден өткен кезде 20 ақпаннан кейін ЖК ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 30 күннің ішінде, өтініш аталған мерзімнен кешіктермей тапысырылады). Салық салудың таңдап алынған тәртіптемесі салық кезеңінде (күнтізбелік жыл) өзгертілмейді (Салық кодексінің 441 бабының 1 тармағы).
3. қызметтің жекелеген түрлері (ұтыс шықпай ойын автоматтарын пайдалану арқылы көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ, ойын ойнауға арналған жеке компьютерлерді, ойын жолддарын, карттарды, бильярд столдарын және т.б. пайдаланып көрсетілетін қызметтер) – қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеу есебіне алу туралы салық өтінімі (22, 23, 24, 25, 26, 36 қосымшалары) қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыра бастағанға дейін үш жұмыс қалған мерзімнен кешіктір мей беріледі (Салық кодексінің 574 бабының 5 тармағы).
1. Жеке кәсіпкердің тіркеу мәліметтерін өзгерту (СК 566 б.)
Тіркеу мәліметтері өзгерген кезде жеке кәсіпкер жеке кәсіпкерді тіркеу есебіне тұрғызу туралы салық өтінімін, сондай-ақ, тіркеу мәліметтерін салыстырып тексеру үшін тұрған жері бойынша орналасқан салық органына:
1) жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінде көрсетілген тіркеу мәліметтері;
2) жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, қорғаушының орналасқан жері
өзгерген күннен 10 жұмыс күннің ішінде және аталған мерзімнен кешіктермей салық өтінімін тапсыруы тиіс (1 қосымша).
Жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының тіркеу мәліметтерін өзгерту үшін тапысырылатын салық өтініміне келесі құжаттар қоса беріледі:
1) жеке кәсіпкерлер жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәліктің түпнұсқасы, сондай-ақ, Қазақстан Республика сының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуден өткізу барысында ұсынылатын құжаттар;
2) жеке нотариус, жеке сот орындаушылары, қорғаушылар – Салық Кодексінің 565 бабының 3 тармағында белгіленген құжаттар.
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінде көрсетілген тіркеу мәліметтерін өзгерту үшін тапсырылған салық өтінімін алған күннен бастап үш жұмыс күннің ішінде өзгертіп, оның жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі аталған мерзімде ауыстырылады.
ІІІ. ҚҚС бойынша есепке тұрғызу қажеттілігі жағдайда
ҚҚС бойынша есепке тұрғызу қажеттілігі туындаған жағдайда тіркеу барысында салық төлеуші тұрған жері бойынша орналасқан салық органына қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салық өтінімін (20 қосымша) береді. Осындайда аталған тұлғалар ҚҚС бойынша (Салық кодексінің 568 бабының 6 тармағы) тіркеу есебіне алу туралы салық өнімін берген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап ҚҚС төлеушілеріне айналады.
1. Қызметін тоқтата тұрған жағдайда
Қызметін тоқтата тұрған жағдайда Салық төлеуші тұрған жері бойынша орналасқан салық органына тоқтата тұру (мерзімін ұзарту, жаңғырту) туралы салық өтінімін (5 қосымша) тапсыруға құқылы.
Келесі санаттағы салық төлеушілерге қатысты қызметін тоқтата тұру жөніндегі ережелер қоланылмайды: Шаруа қожалығын немесе Фермер қожалығы үшін АСТ қолданатын ЖК немесе ойын бизнесіне төленетін және (немесе) шектелген салық төлеушілері болып табылатын ФҚ, ЖК.
Салық төлеуші (салық агенті) алған салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру туралы шешім салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру кезеңінде салық есептілігін тапсырмау үшін негіздеме болып табылады. Осындайда тек мүлік салығы бойынша, жер салығы бойынша, көлік құралдарына салынатын салық бойынша және жер учаскелерін пайдалану үшін төленетін төлемақы бойынша салық есептілігін тапсыру белгілі бір мерзімге тоқтатылмайды. Қызмет салық өтінімінде көрсетілген мерзімге, алайда 5 жылдан аспайтын мерзімге ғана тоқтатыла тұрады; осындайда аталған мерзім ұзартылуы мүмкін (Салық кодексінің 73, 74 баптары).