Әлемдегі ауа-райы мен климаты ең керемет қай мемлекет?

0 дауыс
1.3k қаралым
Әлемдегі ауа-райы мен климаты ең керемет қай мемлекет?
• Санаты: Табиғат

2 жауап

+2 дауыс

Әлем ғалымдары көбінесе Пиреней түбегі мен Оңтүстік Американың климаты адамның өмір сүруіне ең қолайлы деп бағалайды екен. 

Деседе әркімге өзінің туып-өскен жері жайлы шығар... 

Мектепте Расул Ғамзатовтың "Менің Дағыстаным" туындысын оқып едік қой:

"Құрсауға қамалған құс күні бойы "Туған жерім" деп шырылдай берген соң, иесі "Жайқалған ағашы бар жұмақ мекенде өскен құс болсаң керек, қапаста ұстағаным жарамас" деп қоя береді екен. Сөйтсе құс анадай жердегі тікеннің ортасына салған ұясына барып қуаныштан құйқылжыта сайрай жөнеліпті. Мен де туған жеріме қапастың терезесінен осылай қараймын" деп авар халқының аңызын айтып аяқталатын еді ғой шығарма. 

Туған жерімізде гүл өсе ме, тікен өсе ме... бәрібір сағынып аңсап тұрамыз емес пе? 

Мағжан айтқандай:
 ...Сағымы сайран құрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қыс – ақ кебін, жаз – сары.
Орманы жоқ, шуы жоқ,
Тауы да жоқ, суы жоқ,
Мәңгі өлік сахарасы.
Сарыарқа деген жерім бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол Арқамды сүйемін! - дегіңіз келіп отыр ғой
Дәл осы ғой айтқым келгені!!))
0 дауыс
Мадейра,Канар аралдары

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
2 жауап
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,777 қолданушы