0 дауыс
794 көрілді
Қазір сайтта қойылып жатқан сұрақтардың 80% ҰБТдан ... балл алдым, таңдау пəнім ... тура осылай сұрақ қоюшылар көп. Түсінемін бəріңіз уайымдайсыздар. Бірақ ол сұрақтарыңызға ешкім нақты жауап бере алмайды. Тіпті білім министрі де. Себебі талапкер мен оның жинаған баллына байланысты тамыз айының орталарына қарай ғана белгілі болады. Сондықтан сұрақтарды бұл жерде коюдың мағызы жоқ. Конкурста ұтқыларыңыз келсе былтырғы грант иегерлері жарияланған газетті қолдарыңызға алып өздеріңіз жинаған баллмен олардікін салыстырып көріңіз. Егер грант иегерінің баллы сіздікінен кем дегенде 6 балл аз болса онда сіз ойланбай грант ұтуға мүмкіндігіңіз бар. Енді ескере кететін жағдай: конкурсқа түсерде 4 мамандық пен 4 ЖОО міндетті түрде жазасыз. Алғашқысына өзіңіз қатты қалаған мамандықты жазыңыз. Үмітсіз шайтан деген ниетпен. Құдай оңдап түсіп кетуіңіз мүмкін. Екіншіге өзіңіз түсемін ау деп 50% болса да ұнатқан мамандығыңызды жазыңыз. Ал үшіншіге жаңағы салыстыру нəтижесінде сізбен баллы бірдей болған жұмыс істеуге, оқуға тұрарлық ау деген мамандықты жазыңыз. Ал төртіншіге ең төмен баллмен түскен мамандық пен ЖОО жазыңыз. Егер алдыңғы үшеуінен өте алмасаңыз амал жоқ. Есесіне грант бар. 1 семестрден соң ЖОО ауыстырып аласыз. Басқа қаланың ЖОО ауыссаңыз грант сақталады. Ал мамандықты магистратураға түсерде ауыстырып аласыз.
менде грант иегерлерінңн тізімі бар,менің максатым талапкерлер кателеспей өздеріңің жететін балына карай кала мен мамандық тандаса деймін.Айткандарыныныз онша ұнаған жоқ.Мен үксап кателесіп калмаса деймін.Кейбір талапкерлер конкурска катысканда балы жетпейтін каланы жазады.комиссиядағалыр жөнді айтпайды
Сіз де сол газетпен салыстырасыз ғой. Мен де қате таңдағанмын. Мен де жаным ашиды. Бірақ нақты жауапты ешкім бере алмайды. Не істеу керектігін жақсылап түсіндіріп кеттім

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...