Мына Қызылорда жеріндегі Аралды қарасаң жүрегің ауырады. Арал тартылған сайын қыс мезгілі ұзады,Памир ,Алатау,Тянь-Шань тауларының қарлары азайып,тез еруде,Азияның климаты қатты өзгеріске ұшырады.Миллиондаған аңдар мен құстар,адамдар зардап шегуде.Бұлай кете берсе адамдарға үлкен азапты күндер басталады.Аралды құтқаруды бәрі ұмытып барады.Россияның өзендерін бұру арқылы оны орнына келтіруден басқа жол жоқ.Аралдың тұзы ұша берсе таулардың басында қар қалмай қалса, өзендер де жойылады,құрғақшылық басталады.