+1 дауыс
65.4k көрілді
Үтір қандай жағдайда қойылады?

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
1. Біріңғай мүшелер жалғаулық шылаусыз келгенде. мысалы: Қайрат, ақыл, жүрек - үшеуі ғылымға жүгініпті.
2. біріңғай мүшелердің арасында жалғауллық шылау қайталанып тұрса. мысалы: Не дүниеде, не ахиретте не пайдалы болса, не залалды болса, білетұгын - мен.
3. оңашаланған айқындауыштың екі шетіне. Мысалы: Мен, Әсетов Орман, осы істі мойындаймын.
4. кұрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдер арасына. Мысалы: қазанға қарамай асықыа да, әңгімемен біраз отырып қалды.
5. төл сөз хабарлы сөйлем болса, автор сөз алдынан (артынан) үтір, сызықша қойылады. мысалы: - жеңеше, - деді кетерінде, - кірпіш тауып қойыңыз.
6. оқшау сөз (қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай) сөйлем басында келсе, одан кейін; сөйлем ортасында келсе. екі шетінен; сөйлем соңында келсе. алдына үтір қойылады. мысалы: қаратпа сөз: балам, ертерек кел. Қыстырма сөз: әрине, ертең сабақ болады. Одағай: жүрегім, ойбай, соқпа енді.
+3 дауыс
Үтір — сөйлемнің құрылысына, синтаксистік ерекшелігіне, мағынасына байланысты ең көп қолданылатын тыныс белгісі. Үтір құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдерді, оңашаланған мүшелерді, оқшау сөздерді, бірыңғай мүшелерді, төл сөзді, т. б. айыра білу үшін қойылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басында тұрса үтір оның соңынан, ортасында тұрса екі жағынан, соңында тұрса одан бұрын қойылады.
0 дауыс
Үтір қайталанған жағдайда қолданады бір-біріне ұқсас.Мысалы:әдемі,сұлу,көрікті

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
Белгісіз 11.03.2024 Қазақ тілі сұрақ қойды
...