Үзінді қай жыраудың жырынан алынған?

0 дауыс
3.1k қаралым
Еділ бол да Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңда аяп тұрыспа.
Үзінді қай жыраудың жырынан алынған? Жауабы Бұқар жырау ма, әлде Асан қайғы ма?
• Санаты: Кітап, Әдебиет

1 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
Асан Қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы. Еділ бол да….
Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тырыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде
Айыбын тап та ала бер,
Ерегесіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да
Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға
Енді қайтіп жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен
Жалған айтып суыспа.
Өлетұғын тай үшін,
Көшетұғын сай үшін,
Желке терің құрысып,
Әркімменен ұрыспа.
Ашу-дұспан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің
Түбі терең қуысқа!…

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
17.11.2014 • Санаты: Мектеп Белгісіз сұрақ қойды
127,728 сұрақ
322,287 жауап
153,149 пікір
72,742 қолданушы