+1 дауыс
654 көрілді
Осы бір қызық дүние керемет бір түс көрсем сағат өтпей ұмытып қаламын.Мен бүгін күшті түс көрдім.Бірақ көкем оятып жіберді де, ол түсім ұзаққа созылмады.Енді сол түсімді есіме түсіре алмай отырмын.Ылғи да осы,сендерде осылай ма?
Неге екен жақсы түс көрсем ұмытып қаламын да ,ал қорқынышты көрсем есімнен кетпейді,ұмытпау үшін не істеуге болады?

3 жауап

+1 дауыс

Түсті қалай есте сақтауға болады?
Табиғи кедергілерге қарамастан, адам жинақталып, түстерді есте сақтауға күш сала алады. Айта кетерлігі, түстерді есте сақтау үшін артық уайым болмау керек және біршама күш салу қажет.
Алдымен оятқышыңызды селт етіп оятпайтындай күйге келтіріңіз. Оған қоса ұйқыңыз қанық болуы керек – ұйқылы-ояу адамның түсін есте сақтауы екіталай. Ояна салысымен басқа жұмыстарыңызды ойламай, бірінші кезекте «Түсімде не көрдім?» деп ойлауыңыз керек.
Көзіңізді жұмып, әрбір фрагменттерін еске түсіру үшін біраз уақыт жату да артық етпейді. Кейін дәптерге түсіңізді жаза бастаңыз, осылайша ұсақ бөлшектері де есіңізде түсе бастайды. Кейде түстердің ұмытылған бөлшектері түнде, жатарда еске түсуі мүмкін.

Егер түстерді табиғи жолмен есте сақтау іске аспаса, онда түстер күнделігін жүргізуге болады. Онда түс көруші түстерінің сюжеттерін ғана жазып қоймай, оларға тән белгілерді де жазу керек. Осылайша түстерді жіктеуге де болады, бұл оның кейін есте сақтауына көмектеседі. Күнделік жүргізу түні бойы кірген тым құрығанда бір түсті есте сақтауды әдетке айналдырады. Алайда бұл шегі емес. Жақсылап жаттықса, түс ішінде ұзағырақ жүруге, жеті-сегіз түсті есте сақтауға болады. Осылайша сегіз сағат ұйқы мағыналы мәнге ие бола бастайды. Дегенмен мұндай шамадан тыс есте сақтау мидың ақпаратпен аса қанығуына себеп болуы мүмкін.

Қалай болғанда да, түстерді жазатын күнделік жүргізу сізді қызықты және есте сақтауға тұрарлық түстер көруге итермелейді, сондықтан түстерді есте сақтауға тырысу процессіне үлкен құлшыныспен кірісу қажет. 

Толығырақ bilim-all.kz сайтында

Көп рахмет!Иә осы күнделігіме жазып қояйын деп едім,ұмытып қалдым оған қоса оятып жібергені де ұнамай тұр.(
Иә, баяу оянсаңыз түсті есте сақтау мүмкін болады екен.
+1 дауыс
Жапондар түсті жазып алатын құрылғы ойлап тапты, соның көмегіне жүгін.
Оның атауы қалай?
атауын айтпадың ғой  хD
Еее Мин Су Ён 3 жыл бұрынғы жауапты ақтарып не көрінді?
Әлі де солай қиналып жүр ем сондықтан
+1 дауыс
Түстің не туралы екенін білсен соны күні бойы ойла сосын ұйықта егер сол түсті көріп жатқанда Оянып кетсен КӨЗІҢДІ Ашпай Жата бер қайтып түсіңді осылай Жалғастыруға болады!
Өзіңіз тәжірибеден өткізіп көрдіңіз бе?
Оянсам Көзді ашпай жата берем  сонда келесі эпизод бастала қалады!
Белгісіз
Оған дейін Жалмауыз кемпір сені қумай күтіп тұрады дейсің.
сен бір көзіңді ашсан тек күтуі мүмкін!
Белгісіз
...