Бүгінгі және ертеңгі қазақ қыздары қандай болу керек?

0 дауыс
1.3k қаралым
Бүгінгі және ертеңгі қазақ қыздары қандай болу керек?
• Санаты: Жанұя | 1.3k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Қазақ қызы. Қыз бала бүгін де, ертең де өзінің инабаттылығымен ерекшеленуі керек. Атам қазақ әуелден-ақ "қызға қырық үйден тыю" деп қыз баланың жүріс-тұрысына ерекше мән берген. Есті қыз етегін жауып жүрер дегендей,есі кірген соң қыз баланың өзі де артынан сөз ермегенін, ана-анасына сөз келтірмеуді ойлағаны жөн. Менің ойымша, қыз бала қай заманда болмасын өзінің сыпайылығымен, инабаттылығымен, әдептілігмен, жауапкершілігімен, іскерлігімен бейнеленуі тиіс. Қазір көптеген әйел адамдар қай жерде болмасын ерлермен иін тіресіп жұмыс жасап жүргендіктен, отбасында адал жар, өнегелі ана, жұмысында үлгілі қызметкер, ата-анасының атына кір келтірмес перзент болуы тиіс деп санаймын.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
18.10.2013 • Санаты: Тұлға, Адам Аноним сұрақ қойды
127,937 сұрақ
322,803 жауап
153,169 пікір
72,927 қолданушы