"Өзіңді сүйетін" жігіт.... Әпкеңізді сүйетін жігіт жолығады ғой, бірақ әр адам басқалардың өзіне деген махаббаты өзі қалағандай болса деп ойлайды. Бізге кейде біреудің сүйгені емес, өзіміз қалағандай сүйгені керек болады. Сондықтан басқалардың сезімін сол қалпында қабылдай білсе, сүйетін жігіт кездеседі деп ойлаймын. "Ақылды жігіт"... Бұл жерде ақыл мен білімді шатастырмаса болғаны. Ақылды, ойламды жігіттер көп қой. Жігіттің ақылы оқыған, оқымағанымен анықталмайды дегенім ғой. "Әдепті әрі көргенді жігіт"... Шүкір, қазақтың жігіттері көргенді ғой. Біздің қоғамда отбасылық қатынастар маңызды саналады. Сондықтан отбасы тәрбиесін көрген жігітің бәрі жаман болмайды. "Қайдан табуға болады?" дейсіз бе? Бір профессордың үйіне қонаққа барғанбыз студент кезімізде. Әйелі екеуі үйленген күндерінде жыл сайын бір-біріне алғыс айтып хат жазады екен. Бақытты екендері айтпаса да көрініп тұрды. Сонда ол кісінің әйелі екеуінің бізге айтқаны: болашақ жарыңды таппайсың, өзің жасайсың деді. Кемшіліктерін байқап.. Кейін үйленген соң мына жігіт өзгере ме? Кемшіліктерін түзей алу мүмкіндігі бар ма? Қандай әке болады? Жауапкершілікті сезіне ала ма? дегендерді ойлап, шаңырақ көтерген соң бір-біріңді өзіңе ұнайтын адам етіп тәрбиелеп, өзгертіп алуға болады. Ал кемшіліксіз адам іздеуге немесе оның кемшілігіне көз жұмып қарай салуға болмайды деген еді... Мүмкін бұл сөздерінің де жаны бар шығар. Айтпағым, мынандай жігіт деп шарт қойып іздемей, кездескен жігіттерді байқап көрсе қалай болады дегенім ғой)