0 дауыс
591 көрілді

Төмендегі ақпарат қаншалықты рас?

ҰБТ өткізу 2015 жылдан бастап тоқтатылады

ҰБТ өткізу 2015 жылдан бастап тоқтатылады

2015 жылдан бастап Ұлттық Бірыңғай Тест жүйесі түп-тамырымен жойылады. Оның орнына 2 кезеңді сынақ, яғни, жазбаша емтихан мен кешенді тестілеу енгізіледі.

Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов осылай деп мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, қазіргі бірыңғай тест жүйесі айтарлықтай нәтиже көрсеткен жоқ. Өйткені, "мектептен алған білімді тек бір салада толық көрсету мүмкін емес".

Сондықтан, енді мектеп түлектері екі кезеңді сынақтан өтеді. Алдымен, бірнеше пәннен жазбаша емтихан тапсырады. Ал жоғарғы оқу орнына түсер сәтте кешенді тестілеуге қатысады.

Кешенді тест екі бейінді пән бойынша өткізіледі. Сондай-ақ, Мұрат Әбенов емтиханның өту формасының өзгеретінін де айтты.

Мәтінмен жұмыс жүргізіліп, біліктілікті тексеретін бірнеше тапсырмалар беріледі. Бұл оқушылардың жаттанды білімін емес, оны практика жүзінде қаншалықты пайдалана алатынын анықтайды.

3 жауап

0 дауыс
ҰБТ 2012де де жойылады деген. Бірақ жойылған жоқ. Жойылмайды деп ойлаймын. Ол үшін қаншама қаражат бөліну керек. Негізі ҰБТ-ның болғаны тиімді.
0 дауыс
Әлі белгісіз, талай рет ҰБТ алынып тасталады делінген. Меніңше ҰБТ әлі 2-3 жылдай орнында қалады.
+1 дауыс
Осындай сыбыс шыққан бірер жыл бұрын, қазір тыныш сияқты ғой
...