Жігіттер тобының айтатын Жетімдер өлеңінін сөзі?

0 дауыс
711 қаралым
Жігіттер тобының айтатын Жетімдер өлеңінін сөзі?Және ол өлеңді қайдан жүктеп алсам болады.Сілтемесі болса жақсы болар еді)
• Санаты: Қазақ тілі

1 жауап

+1 дауыс

Кімге ұқсатам білмеймін қандайымды,
Мама кеп бір иіскеші маңдайымды.
Ақ уызға толмаған таңдайымды
Толтырайын айтумен жағдайымды.
Мама, енді сені табу қиындайды.
Ойласам, көзден жасым тыйылмайды.
Алатауым — жұпарым арман болып,
Туған жерім, топырағың бұйырмайды.
Мама!
Түскендеймін аңдардың арасына,
Мен жат па едім қазақтың баласына?!
Мама!
Пайғамбар жоқ алатын панасына,
Мені осынша азапқа саласың ба?
Мама!
Әнұраным, Туымды биіктеттің,
Сен мені жатқа саттың, күйікті еттің.
Мама, сен мені таппай қаласың ғой,
Келеді бір иіскеп, сүйіп кеткім,
Мама!
Жүректерден иманның нәрі кетті,
Не көрмеген қазағым, бәрің де өтті.
Тағдырымды Аллаға тапсырамын,
Алла мәңгі және де әділетті!
Мама!
Түскендеймін аңдардың арасына,
Мен жат па едім қазақтың баласына?!
Мама!
Пайғамбар жоқ алатын панасына,
Мені осынша азапқа саласың ба?
Мама!
Түскендеймін аңдардың арасына,
Мен жат па едім қазақтың баласына?!
Мама!
Пайғамбар жоқ алатын панасына,
Мені осынша азапқа саласың ба?
Мама!
Онсыз да биік-биік үйлеріңді,
Бала сатып тағы да биіктеткін.
Мама, сен мені таппай қаласың ғой,
Келеді бір иіскеп, сүйіп кеткім.
Мама!

http://music.zakon.kz/191323316-zh-g-tter-kvartet--zhet-mder.html осы жерден жазып алсаңыз болады...

Ұқсас сұрақтар

127,754 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы