Қолмен салынған ба əлде түсірілген бе? Қолмен салынған болса сатып алуға тұрарлық дүние. Ал тек түсірілген болса онда алмас едім. Мен бірақ түнгі қалаға қарағанда табиғаттың нағыз əсемдігін салған суретті сатып алар едім. Мəселен таулар, немесе өзен, күннің батып, шығуы. Аттың кең далада шауып келе жатқанын алар едім. Сондай суреттерге қарасам миым тынышталып өзімнің шаршағанымды ұмытамын. Аааа тағы айта кететін жайт тек Қазақстанның жеріндегі бір керемет жерді салса ғана аламын. Шетел қызық емес))