0 дауыс
784 көрілді
ЖШС орналасқан жерін ауыстыру?

1 жауап

0 дауыс
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Н 2198 заңының 14-1-бабына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі Н 112 бұйрығымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықтың 7-т. 59-тармағына сәйкес акционерлік қоғамды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) орналасқан жері ауысқан кезде заңды тұлға, филиал (өкілдік) нақты мекенжайы бойынша тіркеуші органға бұл жөнінде орналасқан жерін ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабарлайды. Хабарламаға заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлға мөрімен бекемделген шешімі не шешімінен үзінді қоса беріледі.
...