0 дауыс
452 көрілді
Есеп шот бойынша төлеу
Үшінші жақ компанияның шығындарын өтей алады ма?

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 276-бабы 1-тармағына сәйкес, егер заңдарда немесе шартта көзделсе, сол сияқты үшінші жақ тиісті шарт арқылы тараптардың бірімен байланысты болса, міндеттемені орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшінші жаққа жүктелуі мүмкін. Егер заңдардан, міндеттеме шарттарынан немесе оның мәнінен борышқордың міндеттемені жеке өзі орындау міндеті туындамаса, несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдауға міндетті.
Бұл жағдайда, үшінші жақ компанияның шығындарын (міндеттерін) өтеуші болып табылады.
Бұл ретте, егер үшінші жақ компания үшін кеткен шығындарды өтеуді талап етпеген жағдайда, мұндай операция үшін салық салдары пайда болады.

Салық кодексінің 84-бабы 1-тармағына сәйкес резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады. Мұндай табыстарға тегін алынған мүлік түріндегі табыстарды жатқызуға болады.

Бұл жағдайда, Азаматтық кодекстің 115-бабы 2-тармағына сәйкес ақшалай қаражаттар мүлікке жатады.
Салық кодексінің 96-бабына сәйкес, салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның табысы болып табылады және сәйкесінше салық салынуы тиіс.

...