0 дауыс
1.1k көрілді
ЖШС тіркеу
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қалай тіркеуге болады?

1 жауап

0 дауыс
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Н 2198 Заңының 6-бабына сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі және осы Заңның 7-бабында көрсетілген, қазақ және орыс тілдерінде жасалған және үш данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріледі.
Акционерлік қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғыларын (ережелерін) қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылмайды. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тіркеуші органға береді. Бір мезгілде тіркеуші органға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады. Бұған қоса, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Н 2198 Заңының 6-1- бабына сәйкес кіші кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу өтініш берушіде цифрлық қолтаңба болған кезде, «электронды үкімет» порталы арқылы электрондық нысанда жүзеге асырылады, онда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталуы туралы хабарлама және тіркеу алымының төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесін ұсынылады.
...