Республикалық, аймақтық және жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктердің айырмашылықтары?

0 дауыс
696 қаралым
Республикалық, аймақтық және жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктердің айырмашылықтары қандай?
• Санаты: Заң

1 жауап

0 дауыс
"Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы Н 3 заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрылып, жұмыс істеуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер республикалық қоғамдық бірлестіктерге жатады.
Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан азының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер аймақтық қоғамдық бірлестіктерге жатады.
Жергілікті қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Республикасының бір облысы шегінде жұмыс істейтін бірлестіктер жатады.

Ұқсас сұрақтар

127,823 сұрақ
322,429 жауап
153,155 пікір
72,965 қолданушы