0 дауыс
819 көрілді
ЖШС-дан басқа ЖШС-ны бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру рәсімі қандай?

1 жауап

0 дауыс

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі Н 220 Заңының (бұдан әрі -Заң) 61-бабына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен бір немесе бірнеше жауапкершілігі шектеулі серіктестікті бөліп шығару серіктестік мүлкінің бір бөлігін бөліп шығарып, оны жаңадан пайда болатын бір немесе бірнеше серіктестікке беру арқылы жүзеге асырылады. Бұл орайда қайта ұйымдастырылып отырған серіктестіктің құқықтары мен міндеттерінің бір бөлігі бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болатын серіктестіктерге ауысады (Заңның 63-б. 2-тармағы). Бөлу балансының мазмұнында қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның дау туғызған міндеттерін көрсете отырып, кімге және нақты қандай құқықтар мен міндеттер ауысатындығы көрсетілуге тиіс. Заңның 63-б. 6-тармағымен жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз қатысушыларының жалпы жиналысы бөлу, бөліп шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі ай мерзім ішінде өзінің барлық несие берушілеріне бөлу, бөліп шығару туралы жазбаша хабарлама жіберуге және ресми баспасөз органдарында тиісті хабарландыру жариялауға міндеттілігі белгіленген. Жоғарыда жазылған мерзімді сақтаған соң, қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын ЖШС-ны мемлекеттік тіркеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына:
- өтініш;
- серіктестік қатысушылары жалпы жиналысының шешімі;
- заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешімді қабылдаған заңды тұлғаның немесе органның мүлік иесі бекіткен қайта ұйымдасқан тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мұрагерлігі туралы ережелері көрсетілген бөлу балансы және заңды тұлға уәкілетті органының бөлу балансын бекіту туралы шешімі;
- заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы кредиторлардың жазбаша хабарламасын растайтын құжат;
- бюджетке тіркеу алымын төлегендігін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.

...