ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ
Колледжге қазақ және орыс тілінде негізгі орта (9 сынып) және көркемсурет мектебін бітірген оқушылар қабылдау емтиханының қорытындысы бойынша конкурс арқылы қабылданады. Оқуға түсу сынақтарын қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің типтік ережелеріне сәйкес тапсырылады. Оқу түрі: тегін және ақылы.
Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай
Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар тізімі:
1. Талапкерлердің өтініші;
2. Негізгі мектепті бітіру туралы куәліктің түпнұсқасы;
3. Бастауыш көркемсурет (музыкалық) мектебін бітіргені туралы куәлік;
4. Жеке куәліктің (туу туралы куәлік) көшірмесі – 2 дана;
5. № 086 – У, № 026 - У формасындағы медициналық анықтамалар және флюрография;
6. Денсаулық паспорты;
7. Егу кітапшасы (№ 063 - У);
8. 3х4 көлеміндегі 6 сурет;
9. Адрес бюросынан анықтама (ЦОН);
10. Шығармашылық еңбектері (20 – ға жуық көркем сурет мамандықтары бойынша);
11. Мектеп директоры мөрімен расталған мінездеме;
12. Ата-ананың жеке куәлік көшірмелері.
Қабылдау емтиханының мерзімі:
Құжаттарды қабылдау: 20.06. – 20.07.
Шығармашылық емтихандар: 21.07 – 23.07.
Ана тілі (тест): 24 шілде.
Қорытынды: 26 шілде.
Толық ақпаратпен ресми сайт арқылы таныса аласыз:
http://www.kaznai-college.kz/kz/2015-04-28-09-03-36/kolledzh