+1 дауыс
5.2k көрілді
Тарих пәні бойынша сепаратизм, старшин, болыс, барымта, айып деген сөздер нені білдіреді?

1 жауап

0 дауыс

Старшын, старшина – Ресей өкіметінің қазақтардың белгілі бір рулық топтарын басқару үшін сайлаған немесе тағайындаған адамы. Старшындар патша өкіметінің негізгі әлеум. тірегі болды. 1822 – 24 жылы жүргізілген реформалардан кейін олар аға сұлтандар мен болыстарға бағынды. Ауыл старшындары үш жылға сайланды. Ал болыстық старшындар құқылары жөнінен Ресейдегі селолық старосталармен тең болды. Қазіргі кезде старшина – армия мен әскери-теңіз флотындағы кіші командирлер құрамындағы атақ иесі болып саналады.

Болыс (әкімшілік бөлініс) — қазақ жерінің патшалық Ресейдің қоластында болған кезіндегі аумақтық әкімшілік бөлінісі.
Болыс (лауазым) — қызметтік лауазым, болыстықтың басшысы, басқарушысы.

Барымта — қазақ халқының дәстүрлі құқықтық мәдениетінде ерте замандарда қалыптасқан ұғым. Барымта бастапқы кезде прогрессивті рөл атқарған; “қанға-қан, жанға-жан” дәстүрі адам мен адам, ру мен ру арасындағы қастықты күшейте түсетіндіктен, кек қайтаруды құн төлеумен алмастыру, егер де кінәлі жақ әр түрлі себептермен белгіленген құн мөлшерін өтей алмаса, немесе бұлтарса ақсақалдар алқасының, билер сотының кесімімен барымта жасауға, яки, оның өрістегі малын айдап алып кетуге рұқсат етілген. Сондықтан барымтаны ұрлықпен, тонаушылықпен, шапқыншылықпен шатастыруға болмайды. Кезінде барымтаны кегі қайтпаған, есесі кеткен жақ жариялы түрде жасаған. Оған біреудің ақ баталы жесірін не некелі әйелін азғырып әкету, кісі өлтірген жақтың кесімді құнды төлей алмауы, біреудің қорық жеріне мал жайып, қыс қыстауына, жаз жайлауына рұқсатсыз қону, ортаға түскен олжадан тиісті үлес-сыбаға бермеу, тойға шақырмай, елеусіз қалдыру, т.с.с. дала заңына, салт-санасына қайшы келетін жағдаяттар себеп болған. Сондықтан, барымталаушының ісі заңды әрекет саналған .

Айып (заң жолы, салт) — барымта, қылмыс, ұрлық, дәстүрді бұзғаны т.б. жағымсыз іс-әрекеті үшін қылмыскерлерге берілетін жаза.

«Айыбына атын алып қалып жаяу қайтарыңдар!» (Ғ.Мүсірепов). Мысалы: көп алдында орынсыз дау-жанжал шығарған адамдарға айып салынады. Жазаланушы адам оны сол сәтте орындауға тиіс.

Айыптың түрлері көп. Жеңіл кінәлары үшін тән немесе ат төленеді. Ауыр қылмыстар жасағандар тоғыз төлейді. Бұл түйе бастаған тоғыз мал немесе ат бастаған тоғыз мал немесе өгіз бастаған тоғыз мал деген сөз (Түйе бастаған тоғыз: 3 бас түйе, 3 бас жылқы, 3 бас сиырдан тұрады. Ат бастаған тоғыз 3 жылқы, 3 сиыр, 3 қой, т.с. Қылмыс (ұрлық) өте ауыр болса, бұл айып үш еселенуі мүмкін. Әрине, бұдан басқа да түрлері бар. Айыптың әлеуметтік, тәрбиелік, құқықтық маңызы зор.

Сепаратизм - жікшілдік, оңашалануға тырысушылық. Халықтың мемлекеттен бөліну әрекеті сепаратизм деп түсіндіріледі. Көп ұлтты мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері алдына бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға ұмтылады. Ұлт-азаттық қозғалыстан ерекшелігі - оның жалпыхалықтық, бұқаралық сипаты болмайды, ол ұлттың бір бөлігінің мүддесін қамтиды. Сепаратизм территориялық қақтығыстың тудыратын бірден бір фактор болып табылады. Сепаратизм – белгілі бір саяси топтардың өздері өмір сүріп отырған мемлекеттен жеке мемлекет ретінде бөлініп шығуға немесе сол мемлекетке тиесілі территорияны басқа бір мемлекетке қосуға ұмтылушылығы. Жікшілдік халықтың жаппай бұқаралық қозғалысы болмағандықтан оны ұлт-азаттық көтерілістердің қатарына жатқызуға болмайды. Жікшілдік, негізінен, мемлекет ішіндегі саяси тұрақсыздық пен алауыздық (ұлттық кемсітушілік, аз ұлттардың азаматтық құқықтарын шектеу, т.б.) жағдайында пайда болады. Сондай-ақ, өзге мемлекеттердің астыртын саясаты салдарынан да туындайды. Жікшілдік салдары мемлекет ішінде азамат соғысы басталу қаупін туғызады және мемлекеттік төңкеріс пен бөлініске дейін соқтыруы ықтимал.

Ұқсас сұрақтар

...