Электрондық ақша айналысқа енгізілгелі бері өмір сүру айтарлықтай жеңілдеді.Әсіресе бұның пайдасын әртүрлі елдерді аралап жүрген саяхатшылар жақсы сезінді.Енді қалтаңызға ақша бумаларымен толтырып емес тек банк картасын салып жүрсеңіз жеткілікті.Бірақ ескерте кетерлік жайт карталардың барлығы өзге елде көмектесе бермейді.Төлем жүйесінің бірнеше түрі бар:кейбірі тек бір елдің көлемінде қолданысқа ие болса,басқасын әлемнің кез-келген қиырында пайдалана аласыз.Әлемнің кез-келген нүктесінде қолдануыға болатын төлем жүйелеріне Виза мен Мастеркард жатады.
Мастеркард 1966 жылы Америкалық бірнеше банктің қауымдастық құру жөніндегі келісімге сәйкес пайда болды.Бірақ ол кезде жүйенің атауы басқаша болды «Interbank Card Association» деген.Тек 1979 жылы қазіргі Мастеркард деген атауына ие болды.
Виза системасыда 1976 жылы Америкада пайда болған.2007 жылы америкалық Visa Inc. корпарациясы құрылды.Тікелей немесе жанама түрде Visa U.S.A. , Visa Canada .Inovant компаниялары Визаның филиалдырына айналды.Тек Visa Europa компаниясы ғана жеке құрылым болып қалды.Оны Европалық қаржы мекемелері басқарады.
Қазіргі уақытта екі төлем жүйесіде халықаралық болып есептеледі.
Негізгі валюталары Визада доллар,Мастеркардта доллар және евро.
Саяхатшыларға кеңес шет елге шықпас бұрын барлық жерде Мастеркардпен Виза бірдей тиімді еместігін назарда ұстаңыз.Визамен Канада ,АҚШ,Австралия,Тайланд,Латын Америкасының елдеріне саяхаттаған жақсы.Аталып өткен елдерге қарағанда Европа елдері,Куба,Африканың кейбір елдеріне Мастеркадпен саяхаттаған дұрысырақ