–2 дауыс
791 көрілді
Қазақстанда жыл бойы  қай облыста дәрумендерді үзбей жеп, рахаттанып өмір сүруге болады? Және ауа-райы адамға өте қолайлысы қай облыста?

8 жауап

+1 дауыс
Басқа облыстарды қайдам,бірақ анық Маңғыстауда витаминдерді үзбей,рахаттанып өмір сүре алмайсыз.Ауа-райы мүлдем  басқа әңгіме
–3 дауыс
Шымкенттее омир суруге болады)))
+1 дауыс
Туып өскен жерің аптап ыстық болса да, қақаған аяз болса да қолайлы! Өз жерін сүйетін адам күй талғамайды. "Әр қазақ менің жалғызым"демекші, Қазақ елінің әр ауылы - менің Отаным, әр үйі - менің отбасым. Жаным қазақ, қаным қазақ болған екен, елімнің асқар таулы Шығысы да, теңіздің самалы ескен Батысы да, шұрайлы Оңтүстігі де, астықты Солтүстігі де, Сарыарқаны бауырына басып кең көсілген Орталығы да мен үшін рахаттанып өмір сүруге болатын жер! (Осы сайт арқылы әр облыстың статистикалық көрсеткіштерін есептеп жатырсыз ба?))) Іске сәт!!)
Олай болса неге қызылорда,әсіресе аралдықтар, туған жерін тастап, Шымкент жақтағы таулы аудандарға көшіп келіп қалған,әлі де ағылып көшіп келіп жатқандар көп,басқа да облыстардан да көп.Олар Шымкент  жаққа келіп табиғатына тамсанып "малая швецария" деп қуанып өмір сүруде.
Не айтқыңыз келгенін түсіндім))
Түсінген жоқсың.Олар алма-жүзімдерді,өрік-шиелерді,таудағы шыршаларды,аршаларды,доланаларды,аққайыындарды" мынау не зат" деп түсінбей балтамен шауып, құртып барады.Осылайша білместікпен экологиямызға миллиардтаған шығын келтіруде.
Ал бұл уәжіңіздің сұраққа еш қатысы жоқ! "Олар" деп неге бөтен адам сияқты айтып отырсыз? Қазақстанда ағаш көрмеген адамдар бар дегеніңіз жаңалық екен)) Ағашты кесіп жатқан адамға жай қоршаған ортаға зияны келтіруші жеке тұлға ретінде қараңыз, басқа өңірдің адамдарының бәрін қарадүрсін етіп көрсетудің қажеті жоқ!
Сөйтіп біз оларды түсінбей жүрсек,не үшін ағаштарды кесіп құртады деп,өздері үйреніп қалған мидай шөл далада жүргенді ұнтады екен,оның себебі: жайылып жүрген малдары ашық жерде көрініп тұрады,жасыл шыршалардың,ақ қайыңдардың арасында жоғалып кетеді деп қорқады, ха-ха ха оларға табиғаттың тамаша жасыл желектері мешать ететін көрінеді..
Сіздің не айтқыңыз келгенін түсініп отырмын) Туған жеріңізге деген ықыласыңызға тәнті болдым. Әр азаматтың өскен елін сүйгенін құптаймын. Бірақ басқа өңірді жек көру арқылы жақсы көрудің, басқа өңірді даттау арқылы мақтаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Әрине, бұл менің жеке ұстанымым.
Мен даттап отырған жоқпын ғой,қайта ,онсызда ағаштары аз Қазақ еліміздің жасыл ағаштарын кеспей,керісінше көбейтіп, болашақтағы өсіп келе жатқан балаларымызға қалдырсақ жаман бола ма? Біз не деп жауап береміз кейінгі ұрпақтарымызға. Осы проблеманы бірлесіп қазірден бастап қолға алмасақ,кейін тым кеш болады,оған не дейсің?
Білсең айтшы Қазақстан териториясының неше пайызы орманды,неше пайызы адам тұра алмайтын тақыр дала? Неліктен біздің климатымыз өте нашар,ауа-райы қатал,жазы ыстық сахара,қысы суық сибир кеуіп кеткен? Ызыңдаған желі де өте зиян. Неге Европадағыдай қолайлы  емес біздің климатымыз? Жалпы айтқанда.
Жарайды, өз еліңіздің жанашыры екенсіз)))) Түсіндім))
Менің елім Қазақстан!
Жазғаныңызды жарияламастан бұрын бір оқып аласызба сірә?Кішкентай баланың әңгімесі сияқты тура
Жазған соң бір оқыдым.. Бірақ ойлағаным кішкентай бала сияқты болса қанша оқысам да өзгеріп кетпейді ғой.
Кешірерсіз ZhanNara мен сізге емес Rahat.Beksultanuly мырзаға жазып жатыр едім
–3 дауыс
Мен Таразда тұрамын. Тараз тұруға қолайлы бірақ Шымкентке жетпейді.
Шымкен тараздан 4 есе үлкен қала ғой.Шымкент қаласында қазір прописка бойынша 850 мың халық тұрады, пропискада жоқтары одан 2 есе көп болмаса,одан кем емес, 2500 000 халық бар шындап санасаң. Шымкент қазір өзгеріп кеткен,даму жағынан Ташкенттен де озып барады.
Жазылған сөздің мағынасын түсініп барып жаз.
–1 дауыс
Шымкенттее омир суруге болады деп ойлаймын,себебі ол жақ ыстық қой
Ыстығы ыстық,бірақ жазда да таулы жерлерінде қар жатады.Тамаша ғой демалып жүресің!
+3 дауыс
Жер жанаты - Жетісу да жақсы жер.
Жарайсың! Жеті су! Хан тәңірі,Ақсу жабағылы,Өгем,Тянь-Шань негізі біздің ата-бабаларымыз Дулаттар жақсы жерлерді мекендеген ғой.Сонау Алматы,Жамбыл,Шымкент облыстары керемет жерлер ғой.Әйгілі Алатау осы үш облыста ұзынынан созылып жатыр.Әсіресе табиғи таза экологиялық жеміс-жидектерді айтшы!
–1 дауыс
Оңтүстік Қазақстан облысы ғой әрине
0 дауыс
Шымкент әрине. Бари бар.бари арзан
...