0 дауыс
27.9k көрілді
Әр гүлдің білдіретін мағынасы болады ғой. Мысалы, ақ қалампыр - кіршіксіз алғашқы махаббатты білдіреді деген сияқты. Тағы басқа қандай гүлдердің мағынасын білесіздер?
Кактус кірпіге ұқсайды)

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
  • Ақ түс-ақ түсті гүлдер көбінесе жастарға сыйланады. Бұл түстегі гүлдер тазалықтың, шыншылдықтың, жаны таза қыздарға деген құрмет белгісін білдіреді. Сонымен бірге ақ түс отбасын құру туралы ұсынысты білдіреді деген де түсінік бар. Егер жас келіннің қолындағы гүлдестені ақ түстен шоғырландырса, онда жас жұбайлардың өмірлері ұзақ, бір-біріне деген сезім, құрметтері де ұзақ болады.
  • Қызыл түс- тек қана махаббатың белгісі ретінде қолданылмайды, қызыл раушаннан басқа қызыл қалампыр, қызыл лала, қызыл хризантема гүлдері бар. Қызыл түсті гүлдер мықтылықты, билікті, бұла күшті сипаттайды, сондықтан да бұл түстегі гүлдер мықты мінезді, билік құмар, күш-жігері жоғары адамдарға сыйланады.Ал қызыл гүлдер сыры. Ер адам сізге ал қызыл гүлдер сыйласа, бұл- жағымды белгі. Бұл түстегі гүлдер нәзіктік пен бүршік жарып келе жатырған махаббатты сипаттайды.
  • Сары түсті гүлдер сыры. Сүйіктісінен сары түсті гүл алған кейбір бойжеткендер мұны келіспеушілік  пен айырылысудың, қайғы-мұңның белгісі деп түсінеді. Шындығында, бұрынғы замандарда ер-азаматтар қыз-келіншектерге жақын арада сезімдерінің сөнетінін білдіру мақсатында сары түсті гүлдерді сыйға тартқан. Қазіргі заманда сары түсті гүлдердің бұрынғы мағынасы жойылған. Сары түс қазір адамға байлық пен бақыт тілегенде ұсынылады. Сары гүлді қуаныш пен жарқын көңілдің, батылдық пен мейірімділіктің негізінде кез-келген адамға сыйға тарта аласыз. Сары лала гүлі мен сары каллы гүлін дос құрбыларыңызға сыйға тартуға әбден болады.
  • Көк түсті гүлдерді құпиялылықтың мағынасы ретінде пайланады. Мұндай түсті гүлдерді сырын білмейтін, жұмбақ дүниелі жандарға сыйға тартады. Егер сіз сүйіктіңізге көк түсті гүлдер жиынтығын сыйласаңыз адал махаббатыңыз бен таза пейіліңізді білдіре аласыз.
  • Сарғыш түсті гүлдер мағынасы. Сарғыш түсті гүлді өзіңіздің жұмыс бабындағы бастығыңызға құрмет белгісі ретінде сыйлай аласыз. Бұл түс адамның тәкаппарлығы мен күш-жігерін мойындауды, ой-қабілеті мен қарымының биіктігін білдіреді.
  • Күлгін түс- байланыстырушы түс. Қайғы-мұңды бейнелейді. Сонымен бірге басымдық пен барлықты да бейнелейтін мағынасы бар.
  • Көгілдір түсті гүлдер тазалық, ұзақтық, шынайлықты білдіреді. Бұл түсті гүлдерді жаны таза, пәк, сұлу мінезді адамдарға сыйға тартады.
  • Жасыл түс-бейбітшілік, тыныштық. Жасыл түсті гүлдер көңілге тыныштық алып келетін сезім сыйлайды.

Мына сілтемеден әр елде гүлдерді қалай атайтыны және кімге сыйлауға болатын жайлы толығырақ жазып кеткен екен.Сілтеме

Негізінен бәрі бар екен) Рахмет)
...