Осы кітаптың үзінділері қатты ұнайды. Бірқатарын аударып, әлеуметтік желідегі парақшама жазып қойып едім:
"-Ал адамдар қайда? Шөл далада сондай жалғызсырап жүрмін...
-Адамдардың арасында да жалғызсырайсың."
"Мәнсіз әлем, мағынасыз мәселелер, қисынсыз тіл... Жай ғана өмір сүруге болатын жұлдыз бар ма екен?!"
"Көз-соқыр. Жүрекпен іздеу керек "
"Үлкендерге: «Мен қызғылт кірпіштен салынған, терезелерінде қазтамақ гүлі, шатырында көгершіндері бар керемет бір үй көрдім»- десең, бұл үйді олар көздеріне еш елестете алмайды. Оларға: «Мен бағасы он мың франк тұратын бір үй көрдім»- деп айту керек, сонда ғана олар: «Қандай әсем үй!» деп таңданады."
"Мен сандардан басқа ештеңені қызық деп таппайтын ересектер сияқты болудан қорқам."