+1 дауыс
1.8k көрілді
Күнделікті тұрмыста қолданатын етіктің пайда болу тарихын білгім келеді?

Нақты қай ғасырда,қай елде ең алғаш сатылымға шыққаны туралы мәлімет беріп кетсеңіздер?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Етіктің пайда болу тарихы тым әріден басталады екен. Жұмсақ теріден тігілген етіктерді алғаш рет Шығыс Азия көшпенділері кие бастаған. Бзб 1200-1500 жылдары Қытай, Ресей, Үндістанға  етік кию дәстүрі Моңғол тайпаларынан енген екен. Ал жүннен тігілген қалың етіктер алғаш рет Аляскада пайда болса, ұзын қонышты әскери етіктер 17 ғасырда Еуропада атты ескерлер ғана киетін аяқ киім болған екен.
0 дауыс
Менің ойымша алғашында адамдар аяғына тікен кіре бергенсоң. Жайлап кие бастаған.
0 дауыс
Етік– былғарыдан тігілетін қонышты аяқ киім. Ертеректе қазақ етікшілері етіктің саптама, сақтиян, былғары, құрым, көк, қайқыбас,шоңқайма, тасұлтан, түзу табан етік, т.б. түрлерін тіккен. Етік адамның жас, жыныс ерекшеліктері мен жыл мезгілдеріне қарай түрліше тігіледі. Ерлердің жаздық етігі жұқа былғарыдан, ал қыстық етігі қалың былғарыдан қонышы ұзын етіліп (саптама етік), ал әйелдердің етігі жеңіл, жұқа былғарыдан өкшесі биік етіліп тігіледі. Әйел етігінің өкше сірісі, қонышы мен басы түрлі түсті жібек жіптермен кестеленіп немесе түсті былғарымен оюлап, әшекейленген. Етік тігу үшін былғары мен ұлтаннан басқа қайың, тоз, ағаш шеге, тарамыс, мықты жіп пайдаланылатын. Ертеректе қазақ етіктері түзу табан етіп тігіліп, оң аяқ пен сол аяққа бірдей киіле беретін. Етікті оң мен сол аяққа бейімдеп, қисық табан етіп тігу кейін пайда болған.
...