Неге жұлдыздарға деген халықтың талабы тым қатал? Не себепті олардың сөйлеген сөзі, жүріс-тұрысы, киім кигеніне дейін мінсіз болғанын қалайды? Әлдеқандай (тіпті кішігірім) ағаттық жіберіп алса неге бірден жұрттың қатал сөгісіне ұшырайды? Кейбір фанаттар әдетте жақсы көрем деп жаны қалмайды да, сүйікті жұлдызының басына қара бұлт үйірілсе, ұнамай кетті деп басқаларға қосылып жамандай жөнеледі. Адамның (көрермен, тыңдарман ретіндегі) табиғаты неге оcындай? Неге жұлдыздардан мінсіздікті талап етеміз?