Біреулер ойша мақсатқа жету сөзбен жеткеннен мың есе қымбат. Себебі елге мақсатыңызды айтқан соң оны орындау сіз үшін ендігәрі мақсат, арман емес ауыр жүк болады. Ал ешкімге айтылмаған мақсат өзіне уақытымен, ақырындап, жоспар бойынша жеткізеді десе, екінші біреулер мақсатың жайлы біреуге айтсаң діттеген жеріңе жетуге асығатын, уақытты созып жүре бермей тез іске кірісетін боласың дейді. Қайсы пікірмен келісесіз? Алға қойған мақсатты басқаларға айтқан жөн бе?