+5 дауыс
1.2k көрілді

"Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады". (Абай Құнанбайұлы) Сіздің мінезіңіз кімнен "жұққан"? Әлдекімнің әсерімен мінезіңіз өзгерген кезіңіз болды ма? 

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің мінезім әкемнің әулетіне ұқсап кеткен.. Қаталдық бар.. Эгоисттік бар.. Тағы басқа негатив жақтары бар, жақсы жақтары да жоқ емес әрине..

Мінезімді қанша өзгерткім келгенмен, өзгерте алмадым, әлі де өзгерту үшін бәрін жасауға дайынмын, себебі, өз мінезім өзіме ұнамайды. Бір қызығы, өзіме ұнамайтын мінез басқаларға ұнайды екен, бірақ мен өзім үшін өмір сүріп жүрмін ғой (міне тағы эгоизм))..

Ал жалпылама жеке тұлға ретінде, 40% әкем жақтан, 25% нағашы жағымнан, 35% жеке ерекшеліктерімнен құралған сияқтымын..))
Жауабым ұнамаса төмен дауыс баса беріңдер, бірақ спамның не керегі бар? Жаман көрінеді екен.. Спам - сайт ережесіне қайшы жазбаларға басылу керек емес пе? Менің жауабым талапқа сай сияқты.. Түсінбеймін сендерді))
Алып тастау керек орынсыз басылса )
+3 дауыс
Менің мінезім әкеме ұқсаған. Мен әзілге де жақынмын ол менің сүйікті жайдарман командасынан жұққан болу керек. Негізі мінез-құлығым көбінесе әкемнен жұққан.
+3 дауыс
Анамнан.''Көбінесе қыз балаға анасынан,ұл балаға әкесінен жұғады''-деуші еді.Яғни,ұл әкеге,қыз анасына қарап өседі.
Менің отбасымда қыздар анасына,ұлдар әкесіне ұқсайды…
(Шынымен оған назар аудармағанмын)
Бірақ қыздың әкесіне ұқсауы да ықтимал…(ұлдың анаға)…
Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың айтқанындай адам мінезі құрбысынан,ата-анасынан және ұстазынан жұқса менікі ата-анадан жұққан.
Әм жақсы көретін адамынан болса ата-ананы бәрінен қатты жақсы көреді екенмін,ол рас!)
+5 дауыс

Менің мінезім нағашыларыма тартқан деп айтады көбісі.Өйткені нағашы атам мен әжемнің қолында өскендіктен олар мені тәрбиеледі,оқытты,білмегенімді үйретті.9-жыл ауылда өстім,ауылдың бүкіл тіршілігі бойыма сіңіп қалған. 

Ал ерлердің ісіне белсене кірісіп кетуім көкеме(ол анамның інісі)тартқан, көкемммен бірге жұмыс істеген ұнайды)

Бірақ кейде әкемнің туған-туыстарына ұқсап кетеді, бостан босқа ренжу-осы қасиетімді әлі күнге дейін тұншықтыра алмай келемін.Және тағы да басқа мінездерім жетерлік.Оны менің құрбы-құрдастарымнан сұрау керек)

+3 дауыс
Мінез адамға әкесінің қанымен, анасының сүтімен сіңеді. Әрі қарай тәрбиесіне қарай қалыптасады.
+3 дауыс
Мінезім құбылмалы сияқты)) екі жақтан да бар
0 дауыс
Менің мінезім менің өзімдікі. Әкемнің мінезіне де, анамның мінезіне де ұқсамайды. )))
+1 дауыс
Көп мінезім досымнан жұққан. Кітаптанда көп мінез жұқтырдым. Жақсы көретін досым бар соның қасында көп жүрем сосын содан жұқты оның үстіне оны жақсы көрем ол жақсы қыз.
+2 дауыс
Папамның айтуынша менің мінезім жақсы болса папама, жаман болса мамама ұқсаған.
...