+3 дауыс
1.5k көрілді

Өмір деген қолымызға берілген бес допты жерге түсірместен кезек-кезек лақытырып ойнайтын ойын іспетті. Бізге берілген доптар мыналар: денсаулық, отбасы, достық, махаббат және жұмыс. Осылардың ішінде тек жұмыс қана резеңкеден жасалған доп, ал басқа доптардың бәрі әйнектен жасалған. Жұмыс добын жерге түсіріп алсаңыз, қайтадан көтеріп алып ойнай беруіңізге болады. Ал басқа доптар қолыңыздан түсіп кетсе, сызат түседі немесе мүлдем сынып қалады. Жұмыс (оқу) добын ұстаймын деп басқа доптарға сызат түсірген кезіңіз болды ма? "Өмір доптарын" түсірмей ұстап жүрсіз бе?

Бір риза болатыным сізге үнемі жақсы сұрақтар мен жақсы жауаптарыңыз көп.Иншаллах көп бола берсін.
Рахмет~!))

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Шүкір,түгелдей дерлік құлатпай ойнап жүрмін)
Альхамдуллиллах,денсаулығым жақсы,ата-анам жанымда(отбасы);достарым да жеткілікті.
Әрине,махаббат әр адамда болады,мысалы менің ата-анама,туғандарыма деген махаббатым шексіз……
Оқуымды да жақсы оқимын.Әм болашақта да жақсы жұмыс тауып алармын.ИншАллах.…
Осы доптарды құлатпай жүрмін және болашақта да Құдай қаласа солай болмақ.
Барлық жамағат та,өмір доптарын құлатпай,ойнап жүрсін!!!)))
...