Австралия
Әр штаттың және материктік территорияның өз заңшығарушы органдары (Парламент) бар. Солтүстік территориясыда, Австралияның астаналық территориясында және Квинсленд штатында бірпалаталық ал қалған штаттарында екіпалаталық Парламенттері бар. Төменгі палата - Заңшығарушы Ассамблеясы(Оңтүстік Австралия және Тасмания штаттарында - Заңшығарушы жиын) деп ал жоғарғы палата - Заңшығарушы Кеңес деп аталады. Штат басшылары - Премьер ал территория басшылары -Бас министр деген атақтарына ие.
Штат пен территория статустарының бас айырмашылығы - федералдық Парламент, территория Парламенттерінің кез келген шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға құқы бар. Ал штат Парламенттерінің шешімдерін тек қана мемлекет Конституциясының 51 тармағына сәйкес келсе ғана өзгерте алады. Қалған жағдайларда штат Парламенттерінің қабылданған шешімдері өз күштерінде қала береді.
Жетекші саяси партиялары
Австралияның Лейбористік Партиясы (Australian Labor Party) (1891 жылы құрылған), Австралияның Либералдық Партиясы (Liberal Party of Australia) (1944) және Австралияның Ұлттық Партиясы(National Party of Australia) (1916).
Либералдық және Ұлттық партияларының коалициясы 1996 мен 2007 жылдар аралығында үкіметті басқарды және 2004 жылдан бастап Сенаттыда бақылауға алған. Дегенмен 2007 жылы өткен парламенттік сайлауда, төменгі палатада көпшілік дауысты Лейбористер партиясы жеңіп алды. Сонымен қатар олар елдің бүкіл штаттардың мен территориялардың Парлменттерінде көпшілік дауысқа ие.