Берік,Байқадамда бәрінен де тазы ұстаған жақсы деп ойлаймын.Тазы қасиетті ит,адамға жақын,өте ақылды,сезімтал.Бірақ қазір таза қанды тазылар табыла бермейді.Шындап іздесең Түгіскен,Үшарал жақтардан табылады.Тазы аңшы,әрі батыл болады.Жақсы тазылар қасқыр.қабандарды еш қиындықсыз алады.Ауылдың сыртына шықсаң болды кез-келген шидің түбінен бір қоян сенікі болады,ауылда қоян көп екенін білерсің.Үй қоруға да сақ,адамға себепсіз ұрынбайды.Төбелескенге де епті.Атын...,атын енді қалай қойсақ екен,қазақша болғаны жақсы болар."ҚАНДЫАУЫЗ"- деген атты байқап көрші.Әрі айбатты,әрі аңға шықсаң болды бос қайтпасын,ауызы қанды болсын деген тілекке де келіп тұр.Тазы асырасаң сен қазақи ит тұқымын насихаттауға да азды - көпті септігің тиеді.Осы қалай болады ойланып көр.