Джи тайм желілік маркетинг. 15 мың теңгемен кіріп сағат аласың, сосын артыңнан екі адам тартып оларға сағат алдырып, ал олар екі адамнан...тағы осылай жалғасып кете береді. Жұмыс істеуге болады , егер алдыңа қойған мақсатың болса және оған тез арада жеткің келсе, адамдармен тез тіл табыса білсең, артыңнан тартатын дос-жарандарың көп болса. Машина алып жатыр, миллион алып жатыр деп естігенмін мен де. Несі бар егер, қолыңнан келіп тұрса істемей. Мына афоризм есіме түсіп отыр :" Егер Сіз өзіңізде болмаған нәрсені қаласаңыз – ешқашан істемеген істі жасай бастаңыз. Ричард Бах." Желілік маркетинг дегеннен үркудің қажеті жоқ. Жоғарыда айтып өткенімдей мақсатты , жігерлі, тез тіл табысқыш, табанды болсаң жетістікке жетесің. Бастасаң ешкімнің сөзін тыңдама, орта жолда тоқтап қалма. Ал әлгі қасиеттер бойыңнан табылмаса , жоламай ақ қойғаның дұрыс деп ойлаймын.