+1 дауыс
8.7k көрілді

Қазағым туралы өлең білесізба ? білмесеңіз бұл жерге жауап жазатын әр бір қазақтың өлең шумақтары сізге қазақша рух беретініне сенемін  !!!

         

      Сен  Қазақсың 


Сен Қазақсың себебі әкең қазақ, 
Ақ сүт берген, ақ жаулықты анаң қазақ, 
Ата-дәстүр салтымен ағып жатқан, 
Денеңдегі қәсиетті қаның қазақ.

Сен Қазақсың себебі тілің қазақ, 
Ізіңде еріп жүрген інің қазақ, 
Бір қараған алыстан танитұғын, 
Ақ дидар қара көзің қазақ.

Халықсың кең даланы мекен еткен, 
Жер үшін ата-бабаң қанын төккен, 
Тәуелсіздік туымды көрем бе деп, 
Ежелден ата-бабаң арман еткен.

Сен Қазақсың сол туға қолы жеткен, 
Бақыт бұл басыңа қонып келген, 
Биік ұста сол туды таба етпей, 
Дұшпандарға сені бүгін аңдып жүрген.


4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақ осы 
с. Қадыр Мырзалиевтікі
ә. Ә. Телғозиевтікі
Е-е-ей!
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,
Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы - айтатұғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Айхай!
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Е-е-ей!
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - «Өнер алды - тіл» дейтін.
Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы - көргенінен танбайтын,
Той-думансыз оты түзу жанбайтын.
Қазақ осы - алудай-ақ алатын,
Ал беруден алдына жан салмайтын.
Қазақ осы - ашық жарқын қабағы,
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Байқа да тұр, саған да ол кетерде,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Айхай!
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Е-е-ей!
Қазақ осы - құда бол деп қинайтын,
Құдаларын құдайындай сыйлайтын.
Қазақ осы - дүние мен малыңды,
Оңды-солды шашу үшін жинайтын.
Қазақ осы - жайып жатқан қанатын,
Батыр халық, ақын халық - дәл аты.
Қазақ осы - өзімсінген адамға,
Насыбайға бола өкпелеп қалатын.
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Айхай!
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

+2 дауыс

Қазақтың нағыз болмысын ашып көрсететін осыдан артық өлең жоқ шығар!!

Бабалардың шоқ басқан табанымен
Бірдей екен жақсысы жаманымен.
Бір жаманы — тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы — қимаған даланы кең.

Бір жаманы — жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы — тілге ерік берген екен.
Бір жаманы — кетпенге орашолақ
Бір жақсысы — найзагер, мерген екен.

Бір жаманы — кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы — күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы — қыздарын малға сатқан,
Бір жақсысы — сүйгенін алып қашқан.

Бір жаманы — шаруасын маңдытпаған,
Бір жақсысы — қулықпен жанды ұтпаған.
Бір жаманы — үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы — жесірін қаңғытпаған.

Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған,
Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.
Бір жаманы — сонда да үй салмаған,
Бір жақсысы — абақты тұрғызбаған...

Бабалардың шоқ басқан табанымен
Бірдей екен жақсысы жаманымен.
Бір жаманы — тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы — қимаған даланы кең.

Бір жаманы — жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы — тілге ерік берген екен.
Бір жаманы — кетпенге орашолақ
Бір жақсысы — найзагер, мерген екен.

Бір жаманы — кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы — күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы — қыздарын малға сатқан,
Бір жақсысы — сүйгенін алып қашқан.

Бір жаманы — шаруасын маңдытпаған,
Бір жақсысы — қулықпен жанды ұтпаған.
Бір жаманы — үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы — жесірін қаңғытпаған.

Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған,
Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.
Бір жаманы — сонда да үй салмаған,
Бір жақсысы — абақты тұрғызбаған...

(Қадыр Мырза-Әлі)

+2 дауыс
МЕН ҚАЗАҚПЫН Жұбан Молдағалиев

 

 Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

 

Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырдым даланы кең.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

 

Мен – жігітпін, айқасқа сынға асыққан,

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.

 

Мен – қара көз сұлумын, «сайтан» қызбын,

Сайрай қалсам, тілімнен бал тамыздым.

Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,

Қас батырмын қайратсам балтам жүзін...

 

Ұлы аманат етейік еркіндікті,

Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті.

Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең,

«Қазақ болу – зор бақыт» дер күн тіпті...»
0 дауыс

!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

 

 

 

                                                                                                                              

...