Қазақстанның дүние жүзі картасындағы геосаяси орны
Қазақстанның Еуразия материгінің орталығында орналасуы,күрделі этностық құрамы, нарықтық
экономикаға ұмтылысы сыртқы саясат жүргізуді талап етті. Елдің сыртқы саясатының негізгі мақсаты:
-
Елдің қауіпсіздігін сақтау;
-
Мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынас орнату.
Геосаясат терминінің авторы швед ғалымы Рудольф Челлен. Геосаяси жағдай- елдің стратегиялық маңызы бар шет елдік мемлекеттерге, олардың одақтарына және дүние жүзінің аудандарына қатысты алғандағы саяси картадағы орнын анықтайды.
Қазақстанның негізгі геосаяси ерекшеліктері:
1. Минералды ресурстар байлығы.
2.Жер көлемінің үлкен болуы.
3.Күшті елдермен көрші болуы.
4. Халықаралық ұйымдарға мүше болуы
Дереккөзі: ustaz.kz
Жылы және суық ағыстарды картадан көрсету
Дереккөзі: myphysiography.ru