+2 дауыс
1.2k көрілді
Сіз күн тәртібі бойынша жүресіз бе?
Күн тәртібіңіз қандай?
Алдын ала жоспарыңызды күн тәртібіне жазасыз ба?

4 жауап

+2 дауыс

Күн тәртібін алдын ала жасамаймын. Тек уақыт тапшы кездерде істейтін жұмыстарыма мерзім белгілеп қоямын. Кейде бір күн бұрын ертең не істейтінімді ойша жоспарлаймын. Көбінесе жоспарым іске аса бермейді. Бір жерден оқығаным бар еді: "Күн режимінсіз өмір сүру - картасыз саяхатқа шығу" деп. Саяхатқа картасыз шыққан да жақсы ғой, мүлдем ойламаған, жоспарламаған оқиғалар тіпті де қызық емес пе?! 

+2 дауыс
Күн тәртібін жасаймын,бірақ ол бойынша жүрмеймін.
+2 дауыс
Сіз күн тәртібі бойынша жүресіз бе?

           - Жоқ.Күн тәртібі бойынша жүрмеймін,себебі күнделікті жоспарлар әр жағдайда өзгеріп тұруы мүмкін!…
+1 дауыс

Қалай күн тәртібімен жүруге болады? Менде тек 3 нәрсе бар күн тәртібінде.Басқалары өзімнің қолымда күн сайын өзге аламын!

  • 06:30-07:00 ояну
  • 12:00-14:00 түскі ас
  • 01:00-03:00 ұйқы
...