+1 дауыс
955 көрілді

EXPO-2017 көрмесінің қазақстандық павильонын технологиялардың әлемдегі үздік практиктері ұсанатын болады. Бұл туралы Астана экономикалық форумының «ЕХРО-2017 – тұрақты даму энергиясы» панельдік сессиясының сыртында болған әңгімелерде "Назарбаев Университеті" АБҰ инновациялар бойынша вице-президенті Қанат Байғарин мәлімдеді, деп Сұрақ-Жауап.кз хабарлайды.

«Назарбаев университеті көрме ұйымдастыру бойынша екі мәселемен айналысады. Оның бірі – серпінді технологиялар саласындағы әлемдегі үздік практиктер павильоны, екіншісі – көрме кезінде ғалымдарды, мемлекеттік емес ұйымдар мен ғылыми және серпінді технологиялар, инновациялық жобалар және сол тәрізді тағы басқа істерменмен айналысатын, әрі оған жауапкершілік жүктелген мемлекеттік құрылымдардың басын қосатын үлкен конференциялар өткізу», - деп халықаралық көрмеге әзірлік кезіндегі Назарбаев университетінің алдына қойылған тапсырмаларды түсіндірді.

Үздік практиктер павильонына арналған жобаларды Нобель силығының лауреаты Джордж Смут басқаратын ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен құралған команда іріктейтін болады. «Жобаларды іріктеу бірнеше деңгейден тұрады. Біз оны Қазақстан жұртшылығына да, көрме қонақтарына да көрсетуге ниеттіміз, сол себепті тек бірегей жобаларды ғана таңдаймыз. Әзірше бізге өтініштер тапсырылуда, алайда іріктеу келесі жылы өтетін шығар», - деді Қанат Байғарин.

Оның айтуынша, толық тізім 2016 жылдың ортасына қарай қалыптасып, павильонды безендіру үшін жоба авторларының бір жылдай уақыты болады.

Сарапшының айтуынша Қазақстан әзірше әлемдік өнертабыс нарығында өз орынын салуда. Бұл тұрғыда EXPO-2017 республика үшін үлкен демеу. «Кез-келген өнертабыс бірегей түрде болады, кейде оны авторы фокус тәрізді көрсетеді, немесе ол нарықта өз орнын ойып тұрып алады. Мен нарық деп бәсекелестік белең алған, әлемдік нарықты айтамын. Біз үшін жақсы бәсекелестер нарығы әлі алыста. Сондықтан да біздің нарықта қателіктер орын алып, көп пайдаланылмайтын технологиялар әкелінетіндігіне таң қалуға болмайды. Дегенмен де солай істеуге тура келеді, өйткені олай болмаса біз еш нәрсеге үйрене алмаймыз. Бизнес деген осы», - деп сөзін түйіндеді.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...