+2 дауыс
1.3k көрілді
Валентин мерекесі қашан болады, қай уақытта?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Валентин күні, әулие Валентин күні немесе ғашықтар күні — 14 ақпанда әлемнің көптеген елдерінде ғашықтарға орайластырып тойланатын мереке.

Тарихын айта кететін болсақ,деректерде «Әулие Валентин күнін» Батыс Еуропа ХІІІ ғасырдан бері, АҚШ 1777 жылдан бастап мерекелеуде. Оның Қазақстанға және басқа да ТМД келген кезі — тоқсаныншы жылдардың басы. Христиан діндарларының аңыздарында үш Валентин туралы айтылады. Біріншісі — Рим императоры Юлий Клавдийдің сарбаздардың үйленуіне тыйым салған заңын бұзып, некелескені үшін өлім жазасына бұйырылған адам. Ал осы оқиғадан 200 жыл өткеннен кейін екінші император Геласиустің шешімімен «Әулие Валентин» күні мерекеленген. Екінші бір діни аңызда Валентиннің дін қызметкері екендігі, христиандарға көмектескені үшін түрмеге қамалғаны, осында жатып оның түрме қызметкеріне ғашық болғаны, оның жазаға тартылып, басының шабылғандығы айтылады. Ал енді үшінші Валентин ешкімге ғашық болмаған. Христиан дінінің қызметкері болған оның не үшін жазаланғаны белгісіз. Тек ол өлім жазасына кесілгеннен кейін «Әулие» деп жарияланған.

+1 дауыс
14 ақпанда болады.
...